18
аутоантиденелер түзіледі. Өзін-өзі жойу механизімі іске қосылады, яғни иммундық жүйе
организмге қарсы жұмыс істейді. 1998жылы Дж. Пфейфер ұсынған.
Организмнің өз антигендеріне қарсы бағытталған
иммунды жауабының
нәтижесінде оның ағзаларында, ұлпаларында және торшаларында пайда болатын
патологиялық процестер аутоиммунды аурулар деп аталады. Дж.
Пфейфердің пікірі
бойынша аутоиммунитет регуляторлы механизмдердің бұзылуымен, аутореактивтердің
ұзақ тұруымен сипатталатын организм толеранттылығының айнасы.
Аутоиммунды аурулар иммундық жүйенің зақымдануы
салдарынан туындайды,
яғни организмде патологиялық титрде аутоденелер пайда болып, өзінің органдары мен
ұлпаларына қарсы жұмыс істейді. Организмде
жою механизмі іске қосылып, иммундық
жүйе өзіне қарсы тұрады. Жануарлардың аутоиммундық аурулары кеңінен таралған және
көптеген патологиялардың жанама себептері болып табылады. Аутоиммундық
аурулардың шығу тегі жануарлардың генетикалық
факторларымен тығыз байланысты,
жануарлардан қалыпты емес ұрпақтар тобы өрбиді. Малдың өнімділігі азайып,
экономикалық шығынға ұшыратады, көп жағдайларда өліммен аяқталады.
Аутоиммунды патологиялар мынадай функционалдық- құрылымдық бұзылыстар
кезінде пайда болады: аутоиммундық толеранттылық механизмдері бұзылғанда, тосқауыл
ұлпалары зақымданғанда, ұлпалық антигендердің антиденелермен қиылысу реакциялары
дамығанда. Бір ескеретін жағдай, аутоиммундық аурулар этиотропты ем жүргізген соң да
өршуін
тоқтатпайды, сәйкесінше иммундық жүйе бұрынғы қарқындылықпен өзінің
ұлпалары мен мүшелеріне қарсы жұмыс істейді. Емдеу және алдын – алу шаралары әлі
толық зерттелмеген.
Пайда болған аутоантиденелер алдымен деградацияға ұшыраған бөгде ұлпалармен
реакцияға түсіп, олар жойылысымен сау ұлпаларға шабуыл жасайды. Жанурлардың
аутоиммундық
аурулары кеңінен таралған, көп жағдайда белгілі бір аурудан кейін,
екіншілік ауру ретінде дамиды. Көптеген аутоиммундық аурулар тұқым қуалайды,
созылмалы түрде өтеді, тез асқынады.
Достарыңызбен бөлісу: