Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


Ихэтуан көтерілісі (Боксерлер көтерілісі) неге қарсы бағытталды



бет13/42
Дата16.05.2023
өлшемі1 Mb.
#93966
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû áîéûíøà øûìêåíò-2019 ?îæ 11

3.Ихэтуан көтерілісі (Боксерлер көтерілісі) неге қарсы бағытталды
Ихэтуаньдер көтерілісі – 19 ғасырдың аяғында Солтүстік Қытайда болған халық қозғалысы. 19 ғасырдың бас кезінде Қытайда манчжур үстемдігіне қарсы “Ихэтуань” (әділдік пен бейбітшілік жасағы) немесе “Ихэцюань” (әділдік пен бейбітшілік жолында жұмсалған жұдырық – “боксер” сөзі осыдан шыққан) деген діни құпия одақ пайда болды. Алғашқы кезде бұл одақ “Жойылсын Цинь әулеті, Мин әулеті билігін қалпына келтірейік” деген ұранмен әрекет жасады.
19 ғасырдың аяқ кезінде бұл одақ шет елдің басқыншылары Қытайды бөлшектеуіне қарсылық ретінде “Циньді қолдайық, шетелдіктерге өлім келсін” деген ұранмен халық бұқарасын көтеріліске шақырды. Ихэтуаньдер көтерілісі 1898 жылы Солтүстік Қытайда басталды. Көтеріліс біртіндеп бүкіл Қытайға тарап, шетелдіктерге зор қауіп төндірді. Ал Цинь үкіметі көтерілісшілерге ешқандай көмек көрсете алмады. Шетелдік державалар Ихэтуаньдер көтерілісін басу үшін Қытайға ашық интервенция бастады. Үкімет көтерілісшілерге көмектесудің орнына, шетелдіктердің жағына шығып, көтерілісті басуға көмектесті. Көтеріліс басып жаншылды. Ақыры 1901 жылы 7 қыркүйекте Цинь үкіметі жеңілгенін мойындап, шетелдіктер ұсынған кемсітушілік келісімшартқа қол қойды. Еуропалықтар бұл көтерілісті “боксерлер көтерілісі”, ал қабылдаған келісім-шартты “боксерлер хаттамасы” деп атады.
Ихэтуаньдер көтерілісі мен оны басып-жаншу үшін сегіз мемлекет әскерлерінің Пекинге жасаған шабуылы Цинь империясын мүлдем дәрменсіз күйге түсірді. 1911 ж. жазда Учань қ-нда Сун Ятсеннің басшылығымен басталған көтеріліс бүкіл халықтық қолдауға ие болып, жеңіске жетті. Цинь империясы билігі жойылды. Желтоқсан айында Нанкин қ-нда Қытай Республикасы жарияланып, Сун Ятсен басқарған Уақытша үкімет құрылды.


4-лекция. ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Үндістан


Жоспары:
1.ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Иран
2.ХVІІІ ғ. Нәдір кімдерге қарсы Иран халқының күресін басқарды
3.ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда Ост-Үнді компаниясы қалай аталды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет