Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Иран



бет14/42
Дата16.05.2023
өлшемі1 Mb.
#93966
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû áîéûíøà øûìêåíò-2019 ?îæ 11

1.ХVІІ-ХХI ғасырлардың басындағы Иран
17 — 18 ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, Әзірбайжандар, күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды. Әсіресе, 18 ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі әулеттің (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден қалжыратты. 18 ғасырдың аяғында билікке Каджар әулеті келді. Осы кезден елдің ішкі істеріне еур. мемлекеттер (Англия, Франция) араласа бастады. 19 ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде шетелдіктердің билігі күшейіп кетті.
19 ғасырдың аяғына таман Иран еур. мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. 1901 ж. ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 ж. бірлескен ағылшын-парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905 — 11 ж. елде шетелдіктерге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып, меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 ж. ағылшындар бүкіл Иранды басып алып, 1919 ж. оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға мәжбүр етті. Елде ағылшын үстемдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921 ж. 21 ақпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемл. төңкеріс ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 ж. ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік пиғылдағы Иран ақсүйектерімен үздіксіз күрес жүргізді. 1925 ж. 31 қазанда 5-меджлис Каджар әулетін тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды Реза шаї Пехлеви деп жариялады.
2.ХVІІІ ғ. Нәдір кімдерге қарсы Иран халқының күресін басқарды
Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады. Халықтың мәдени және тұрмыстық өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. Алайда, 1929 — 33 ж. болған дүниежүз. экономикалық дағдарыс Иран экономикасын тұралатып тастады. Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар басталды. Ол толқулар күшпен басылып отырды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында Иранға одақтастар әскерлері енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес әскерлері, 1942 ж. аяғына таман АҚШ әскерлері). 1941 ж. 16 қыркүйекте Реза шаї тақтан өз еркімен бас тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви шаї болды. 1942 ж. 29 қаңтарда Иран КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен одақтастық туралы шартқа қол қойды. 1943 ж. 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жоқ.
Тегеран конференциясы кезінде 1943 ж. 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері Иранға территориялық тұтастығын сақтауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс орнатты. 1953 ж. ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М.Мосаддық үкіметі құлатылды. Иран шаһы М.Р. Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі өміріне белсене араласа бастады. Ел 1955 ж. АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты, 1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978 — 79 ж. халықтың шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит дінбасылары басқарды. 1979 ж. 11 ақпанда болған революция нәтижесінде шаї үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни келді. Саяси партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып, Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді.
1980–1990 ж. болған иран-ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд. АҚШ долларынан астам) зардаптар әкелді (қ. Иран — Ирак соғысы). Қазіргі кезде Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған оқшаулау саясаты ықпалын бәсеңдету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет