Курстың негізгі мақсаты – Шығыс және Батыс елдерінің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу, тарихи дамудың ерекше және жалпы сипаттарын айқындау, бұл елдердің жаңа кезең және қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын қарастыру, жекелеген елдердің ішкі саяси даму үрдістерін зерттеуге және әр елдің арнайы ерекшеліктерін оқуға маңызды орын беру. Нақты-тарихи жағдайда тарихи ойлар дамуының негізгі бағыты мен тенденцияларын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негізін көрсету, тарихнамашылардың қарастыратын ең басты объектісі тарихшылардың еңбектері.
Пәнді оқытудың міндеттері: - тарих ғылымының даму заңдылықтарын анықтау;
- әртүрлі бағыттағы тарихи ойлардың теоретико-әдістемелік принциптерін зерттеу;
- студенттерді тарихнамалық зерттеулерде құбылысты тарихи тұрғыдан саналы түрде қарауға бағыттау;
- тарихи ғылым мекемелерінің, мерзімді баспасөз органдарының жүйесін зерттеу;
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
Курсы оқу барысында жаңа заман кезіндегі Шығыс елдерінің батыс еуропалық елдер тарапынан отар және жартылай отарлық тәуелділікке айналу процесін қарастырады. Батыс елдерінің отарлық саясаты және экономикалық даму қарқынына назар аударады. Сонымен бірге қазіргі заман кезеңіндегі Шығыс және Батыс елдерінің даму тенденциялары, әсіресе Қытай, Жапония, Үндістан, Иран, Түркия, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және басқа да мемлекеттердің, «жаңа индустриалды елдердің» даму ерекшеліктері мен ішкі және сыртқы саяси бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді.
Преректизиттер: Шығыс елдерінің орта ғасыр тарихы, Батыс елдерінің орта ғасыр тарихы. «Тарихнама», «Шетел мемлекеттерінң орта ғасырдағы тарихының тарихнамасы», «мәдениеттану», «саясаттану», «деректану».
Постреквизиттер: - әртүрлі бағыттағы тарихи ойлардың теоретико-әдістемелік принциптерін зерттеу;
- студенттерді тарихнамалық зерттеулерде құбылысты тарихи тұрғыдан саналы түрде қарауға бағыттау;
- тарихи ғылым мекемелерінің, мерзімді баспасөз органдарының жүйесін зерттеу;
Дәріс сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Дәріс сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері дәріс сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Дәріс сабақтары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент дәріс сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, рефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.). Дәріс сабақтары - студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы.