Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


Қытай халқы 1628-1644 жж.көтерілісте қай әулеттің билігін талқандады



бет4/42
Дата16.05.2023
өлшемі1 Mb.
#93966
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû áîéûíøà øûìêåíò-2019 ?îæ 11

2.Қытай халқы 1628-1644 жж.көтерілісте қай әулеттің билігін талқандады
Б.з.б. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағысында тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген.
Б.з.б. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан әрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.
Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ г.г.) — құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен катар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— XI г.ғ.) — таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді.
2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. XI — III ғ.г.) — иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болады;
3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) және Хань кезеңі (б.э.д. III ғ.— б.э. III г.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады.
Қоғамдық құрылым.
Кейінгі Шан кезінде халықтың жалпы санынан артықшылықты топ бөлініп шығады, оның құрамына билеуші — ван жэне оның туыстары, билеушіге жақын адамдар абыздар, шенеуніктер және бағынышты тайпалардың ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд — әлеуметтік ранглер пайда болды. Ранг тұрғын үй мен жердің мөлшерін, құлдардың саны мен жалақының мөлшерін анықтаған. Цинь кезеңінде Шан янның жүргізген өзгертулері негізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді, оған сәйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. III ғасырдан бастап оларды сатып алуға рұқсат етілген. Сонымен, жаңа ақсүйектер пайда болды: мүліктік, әскери, қызметтік және саудагерлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет