Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


-лекция. 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы



бет39/42
Дата14.10.2022
өлшемі1 Mb.
#43075
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
15-лекция. 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы.


Жоспары:
1.Солтүстік және оңтүстік Кореяның экономикалық және саяси трансформациясы туралы отандық ғалымдардың зерттеулері.
2.Кеңестік-жапондық келіссөздердің қиыншылықтары туралы жапон мен ресей.


1.Солтүстік және оңтүстік Кореяның экономикалық және саяси трансформациясы туралы отандық ғалымдардың зерттеулері.
Оңтүстік Корея тарихы 1945 жылдың жазында түбектегі билікті бөлісу жөнендегі Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы келісім-шарттың қабылдану сәтінен бастау алады. Келісім-шартта Корея түбегінен өтетін 38 параллельдің оңтүстік бөлігі АҚШ-тың құзыретіне, ал солтүстік бөлігі КСРО құзыретіне өтетіндігі жазылған.
Корея Республикасының Конституциясы бойынша жапон басқыншылығы кезінде қудаланған Корея Республикасының Уақытша Үкіметі 1919 - 1948 жылдар аралығында мемлекетте билік құрған заңды үкімет болып табылады. Ел тарихында демократиялық және авторитарлы басқару кезеңдері алмасып отырды. 1948 жылы Ли Сың Ман Оңтүстік Кореяның бірінші Республикасын, яғни алғашқы тәуелсіз үкіметін құрады. Алғашқыда демократиялы ел болған Бірінші Республика 1960 жылдарға дейін автократты басқару жүйесін ұстанды. Қазіргі кезде мемлекет басында Алтыншы Республика билік етуде.
Оңтүстік Корея үкіметі тәуелсіз мемлекет болып құрылған сәттен бастап білім беру жүйесін, экономикасы мен мәдениетін дамытуда үлкен істер атқарды. 1960 жылдары аграрлы саясат ұстанған, кедей мемлекет қазіргі таңда дамыған өнеркәсіптік мемлекетке айналды. Экономикада бұл ғажайыпты «Хангаң өзені бойындағы ғажайып» деген атауға ие.
2.Кеңестік-жапондық келіссөздердің қиыншылықтары туралы жапон мен ресей.
1930–1941 жж. Кеңес Одағының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты зерттелген. Осы кезеңде экономикада белгілі жетістіктерге жеткен КСРО-ның белсенді сыртқы саясат жүргізуіне жағдай қалыптасқаны көрсетілді. Көптеген деректерге сүйеніп, автор Кеңес Одағының 1930–1941 жж. халықаралық аренада агрессиялық саясат жүргізіп, өзіне жаңа территориялар қосып алғанын, фашистік Германиямен 10 жылдық пактіге қол қойып, Еуропаны бөліске салғанын жəне екі державаның осы саясаты II Дүниежүзілік соғыстың басталуына əкеп соққанын дəлелдейді. Осындай саясатқа байланысты Кеңес Одағының экономикасында да өз ерекшелігі байқалды, кеңестік экономикада милитаризациялау қадамдары анық көріне бастады, бұл жағдай КСРО халықтарының əлеуметтік жағдайының нашарлауына əкеп соқты.
1929 ж. капиталистік мемлекеттерде өте күрделі экономикалық дағдарыс басталып, ол 1933 ж. дейін созылды. Бұл жағдай ірі державалар арасындағы қайшылықтарды күшейтті. Сонымен қатар Батыс мемлекеттері КСРО-ға қарсы арандатушылық саясатын жалғастырды. Олардың пікірінше, Кеңес Одағы халықаралық нарықта тауарларды демпинг бағасымен сатып, экономикалық дағдарыстың қалыптасуына, еңбекшілердің əлеуметтік жағдайының нашарлауына əсер етті деген ұғым пайда болды. Шетел ақпарат құралдары Кеңес Одағындағы оппозицияны қудалауды, атеистік саясатты, тағы басқа жағдайларды қатты сынға алды. Осыған байланысты Рим папасы Пий XI КСРОға қарсы «крестшілер жорығын» жариялады. Ал АҚШ, Франция, Бельгия, Канада үкіметтері кеңестік экспортқа қарсы əр түрлі шаралар қолданып, экономикалық блокада ұйымдастыруға тырысты.
Бірақ Кеңес үкіметі блокада ұйымдастырушыларға қарсы өзінің шараларын қолдануына байланысты олардан тауарлар сатып алу қысқартылып, сол мемлекеттердің флотын пайдалану жəне ғылыми-техникалық қатынастар тоқтатылды. КСРО-ның осы шаралары жəне халықаралық аренадағы батыл позициясы Батыс державаларының экономикалық блокада, біртұтас майдан құруларына мүмкіндік бермеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет