Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі Балалардың тілдік және тұлғалық дамуы үшін балалар көркем әдебиетінің мәні. Шығармашылық тілдік және театр іс-әрекетіне ықпал ететін, бейнелі мәнерлілік құралдарын меңгеруде, балалардың тілін эмоционалды және поэтикалық лексикамен байытуда кітаптың рөлі. Әдебиеттің тәрбиелік қызметі.
Балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың міндеттері, әдістері мен мазмұны. Әртүрлі жас ерекшелік топтарында оқу, әңгімелеу және орындаушылық іс-әрекетке арналған әдеби шығармаларды іріктеу. Балалардың әдеби шығармаларды қабылдау ерекшеліктері.
Балабақшадағы драма. Драманың түрлері және жанрлары. Театрланған іс-әрекетте балалардың коммуникативтік-сөйлеу, ойын және артикуляциялық дағдыларын қалыптастыру. Балалардың театрлық-ойын тәжірибесін байыту. Театрланған ойын, оның ерекшеліктері.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында кітаппен жұмыс. Балаларды кітап иллюстрациясымен таныстыру. Балалардың әдеби шығармаларды түсінудегі иллюстрацияның рөлі, оның мектепке дейінгілердің әдеби кейіпкерлерге қатынасына әсері. Әртүрлі жас ерекшелік топтарында балаларды кітап иллюстрациясымен таныстыру әдістемесі. Өлеңдерді жаттау әдістемесі. Балалардың поэтикалық шығармаларды қабылдауы және түсіну ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған поэтикалық шығармаларды таңдау. Балаларды поэзиямен таныстыру әдістемесі. Кітап бұрышындағы жұмыс. Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыруда кітап бұрышының мәні. Кітап бұрышындағы жұмыстың міндеттері мен мазмұны. Кітап бұрышын безендіруге және жабдықтауға қойылатын талаптар. Күтілетін нәтижелер.
1
Жеңіл
(A) –1
9
Балаларды сауат ашуға даярлау Оқу мен жазу – тілдік іс-әрекеттің түрлері ретінде. Оқу мен жазу үдерістерінің психологиялық сипаттамасы. Сауат ашуға оқытудың қазіргі дыбыстық аналитикалық-синтетикалық әдісінің сипаттамасы. Тілді фонематикалық қабылдауды қалыптастыру – оқу мен жазу үдерістерін табысты меңгеруге даярлаудың маңызды міндеті.
Сауат ашуға даярлаудың міндеттері мен мазмұны. Балабақшаның ересек және мектепалды даярлық топтарында сауат ашуға даярлаудың мазмұны. Сөйлеммен, сөзбен таныстыру. Сөздің буындық құрылымымен таныстыру. Сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру. Дыбыстық талдау жасау әдістемесі. Жазуға оқытуға даярлау. Жазу дағдысын меңгеру үдерісінің сипаттамасы. Қолды жазуға даярлаудың міндеттері. Саусақтардың ептілігін дамытуға арналған дидактикалық жаттығуларды қолдану. Графикалық дағдыларды дамытуға арналған арнайы жаттығулар. Күтілетін нәтижелер.