4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Тест тапсырмалары «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалын қамтиды. Бітірушілердің білімін анықтауда мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту бөлімдерінің төмендегідей тақырыптары қарастырылады: Тіл дамыту әдістемесі пәні, Тіл дамыту әдістемесінің қалыптасуы, Балабақшада тіл дамыту бойынша жұмыс жүйесі, Байланыстырып сөйлеуді дамыту әдістемесі, Сөздік қорын дамыту әдістемесі, Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру әдістемесі, Сөйлеудің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу әдістемесі, Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі, Балаларды сауат ашуға даярлау, Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуының диагностикасы, Тіл дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және есепке алу, Мектепке дейінгі ұйымда балалардың тілін дамыту жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты: Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны: Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы: Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау: Бағалау кезінде тестілеудің жиынтық балы есептелінеді. Барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл, жіберілген бір қате үшін - 1 балл, екі және одан көп қате жауап үшін - 0 балл беріледі.