Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Мәтіннің жалғасын мұқият тыңдап, аяқталуын болжаңыз



бет15/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93
Мәтіннің жалғасын мұқият тыңдап, аяқталуын болжаңыз
Бозбала бір досының үйіне барады да,біреуді өлтіріп қойдым деп,одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды.Бірақ досы келіспейді. «Менен алыс жүр!» бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді.Тағы бір досына барса,ол да көмектеспей қайтарып жібереді.Басқалары да солай.Көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «Айтқаныңыз рас екен.Шын дос емес екен олар маған.Ешбірі көмектескісі келмеді»,-дейді ол мұңая.Әкесі «Айттым ғой,саған,-деп ,енді пәлен жерде тұратын,пәленшеге деген кісіге сәлемімді айтып бар да,достарыңнан сұрағанды одан да сұра»,-дейді.Бозбала айтылған жерге барып,әкесінің досына жолығады.
(Аяқталуын болжаңыз)
Әкесінің сәлемін айтып, «Біреуді өлтіріп қойдым,әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан »,-дейді.Әкесінің досы деру оны үйге кіргізіп,өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады.Қапты сол орға көміп,үстінен қызғалдақтарды егіп тастайды.Бозбала үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін,қапты бақшасына көміп,үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді.Бұл жолы әкесі: «Енді сол досыма қайтып бар да,ел-жұрттың алдында бүлік шығарып,оны мазала»,-дейді.Баласы таң қалады,бірақ әкесінің айтқанын орындайды.Қайтып барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып,ел-жұрттың алдында бүлік шығарады.Сонда ол кісі балаға: «Әкеңе сәлем айт.Мен бір боғауыз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын адам емеспін»,-дейді.
›2011/03/10/шынайы-дос/


1-тапсырма (кейбір оқушыларға арналған).
А) Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, мәтіннің дамуын болжаңыз, болжау барысында етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін қолданыңыз.
Ә)«Әкеңе сәлем айт. Мен бір боғауыз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын адам емеспін»,-деген ойды мағынасын түсіндіріп жазыңыз
2-тапсырма (бір-екі оқушыға арналған).
А) Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, мәтіннің дамуын болжаңыз, болжау барысында етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін қолданыңыз.
Ә) Мәтіндегі баяндалған әке мен баланы жеке-жеке сипаттап жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет