Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет21/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93
Тапсырма. 1-қадам.Қожа мен Жанардың диалогін оқыңыз. Негізгі ақпараттарды қолданып, жинақы мәтін жазыңыз. Мәтінде төл сөз бен автор сөзін орынды қолданып, төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз. Мәтіндегі төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.
2. Берілген оқу мақсатымен жұмысты басқаша қалай ұйымдастыруға болады? Тәжірибеден мысал келтіріңіз. https://padlet.com/sakizataltaeva9/t14wwwj4yjfn51uv Ескерту: онлайн тақтадағы мәтінді 2 рет шерту арқылы үлкейтіп көруге болады.
Оқу мақсаты:
5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;
5.4.5.5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
2-қадам. Оқылым және тыңдалым материалы бойынша пунктуациялық норманы коммуникативтік негізде оқытуға бағытталған тапсырма әзірлеңіз. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін жекелеген оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тиімді әдіс таңдаңыз.

Жанар осыны айтты да:


— Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық, — деді.
Өзегімді нұрлы сезім жарып өтіп, қолтығыма қанат біткендей болды, қашаға пәрменіммен секіріп шықтым да, ар жағына топ ете түстім. Сол кезде шынжырын сылдырлатып қара төбет те арсылдап, тұра ұмтылды. Иттен қорыққансып, Жанардың білегінен қысып ұстап, жабыса түстім. Ит есік алдына жете алмастай етіп байланған екен. Екеуіміз иық түйістіре жүгірген бойда үйге кіріп кеттік.
— Сен дойбыны жақсы ойнаймысың? — деп сұрады Жанар.
— Жоқ, онша емес, — деп сыпайы жауап қайтардым. Ал шындығында, өзім теңдес балалардың көбін ұтушы едім.
Жанардың бетпе-бет отырған сүйкімді жүзіне, иығына төгіліп түскен көмірдей қап-қара әсем қолаң шашына алаң-елең қарап толқып отырып, бірінші ойынды қалай ұтқызып алғанымды байқамай қалдым. Ол маған үш бұзау айдатты. Бірақ Жанардың мәз болған кейпіне қарап, бұл ұтылғаныма өзім іштей қуандым да.
Екінші ойынды әлгіндей емес, сағырақ ойнауға тырыстым. Үнемі қыздан жеңіліс таба беруге болмайды ғой. Бірақ үш-төрт жүрістен кейін Жанар менің үш пешкамды бірден қырып салғаны.
— Әллуі! — деп, жағымды шапалақпен бір салып, отырдым да қалдым. Берекесі бір ұшқан ойынның мәні бола ма. Лезде тағы ұтылып қалдым. Бұл жолы топырлатып, алты-жеті бұзау айдатты.
— Байыдың, байыдың! — деп, Жанар онан әрмен мәз бола түсті. Енді менің намысым келе бастады.
— Қазір ұтамын, — дедім сенімді үнмен.
— Ұтпасаң, не боласың?
— Не бол десең, со болайын.
— Дүние жүзіндегі барып тұрған мақтаншақтың өзі боламысың?
— Жарайды.

Жинақы мәтін
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Тапсырма.
«РРР» әдісі бойынша оқылым мәтінін негізге ала отырып, әдеби тіл нормасын меңгертуге арналған тапсырма құрастырыңыз. Тапсырманы орындау үшін https://google.doc онлайн құралын қолданыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет