Бөлімі: Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма Оқу мақсаты:10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)
Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут. Топта таныстыру: 2 минут. Кері байланыс: 2 минут
Тақырыбы
Кіріспе сөйлем
Тезис (автордың дәлелдейтін тезистік тұжырымы)
Кіріспеден бірінші абзацқа өту
Бірінші абзац (аргумент, мәселенің тиімді жағын қарастыру)
Келтірілген аргументті растайтын бірінші мысал
Келтірілген аргументті растайтын екінші мысал
Бірінші абзацты қорытындылайтын сөйлем
Бірінші абзацтан екінші абзацқа өту
Екінші абзац, автордың ұстанатын пікірі
Екінші абзац (контраргумент, мәселенің қарама-қайшы жағын қарастыру)
Мәселенің шешімі, автор ұсынып отырған шешу жолдары
Ұсынған шешімін қолдайтын сөйлем
Екінші абзацты қорытындылайтын сөйлем
Қорытынды бөлім
Тапсырма. Адамдардың көбі адамзат игілігі үшін медициналық зерттеулерде жануарларды пайдалануды қолдайды, ал кейбіреулері бұған үзілді-кесілді қарсы. Осы мәселенің екі жағын талқылап өз пікіріңізді білдіріңіз. Медицина саласында жүргізілетін зерттеулер мен тестілеу туралы адамдардың көзқарастары әртүрлі. Көбі дәрі-дәрмектерді жасау үшін жануарларға арнайы эксперимент жүргізу орынды деп санайды. Өз басым бұл моральдық тұрғыдан дұрыс емес деген пікірдемін. Адамдардың медициналық зерттеулер жүргізу үшін жануарларға тәжірибе жасаудың басты себебі адам өмірі үшін аса қажетті дәрі-дәрмектерді ойлап табуға және ауру түрлерін емдеуде тиімді.
Соңғы 100 жылдағы медицина саласындағы кез келген жетістік жануарларға жүргізілген зерттеулердің нәтижесі екені рас. Мәселен, иттердің ұйқы безін алып тастап жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде қант диабетімен ауыратын науқастардың өмірін сақтау үшін маңызды инсулин алынды. Сонымен қатар жаңа дәрі-дәрмектердің адам ағзасына зиян келтірмейтінін дәлелдегенше нарыққа шығару мүмкін емес. Осы тұста зертханалық тышқандар тиісті зерттеу объектілері болып табылады, өйткені олардың ағзасы адам ағзасына өте ұқсас. Алайда мен жануарларға сынақ жүргізу арқылы медицинаның дамуын қатыгездік деп санайтын адамдарды қолдаймын.
Менің ойымша, барлық тіршілік иелерінің өмірін құрметтеу керек. Ешбір адамның өз пайдасы үшін жануарға зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірінен айыру қақысы да, құқығы да жоқ. Қазіргі озық технологиялар заманында әр мемлекеттің Үкіметі медициналық зерттеулер жүргізуге арналған жануарлар экспериментін алмастыра алатын балама әдістерді әзірлеуге қаражат бөлу міндетті. Мысалы, бағдарламалық жасақтаманы адамның иммундық жүйесін модельдеу үшін жасауға болады, ал жаңа дәрі-дәрмектерді жануарларға емес, Бағдарламалық жасақтамада тексеруге болады. Осылайша қоғам ешқандай жануарға кесірін тигізбестен-ақ, медицинаның дамуынан пайда көре алады.
Қорытындылай келе, жануарларға арналған сынақтар ғалымдарға дәрі-дәрмектер мен медициналық жаңалықтарды жасауға көмектескені рас. Бірақ адамдарға берер пайдасы жануарлардың қайғы-қасіретін ақтамайды. Біз медициналық зерттеулер жүргізу кезінде балама әдістерді қолдануымыз керек.
3-сабақ
Тапсырма.
1. Аргументті эссенің бағалау критерийлерін құрастырыңыздар.
2. «Латын әліпбиіне көшу қаншалықты маңызды?” тақырыбында аргументативті эссе жазыңыздар. Сөз саны - 150-170 сөз. Тапсырманы орындау уақыты: 20 минут.
Топ көшбасшысының жұмысты таныстыру уақыты: 3 минут. Кері байланыс: 3 минут
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4-сабақ
Тапсырма.
1-қадам: әдеби эссені құрылымына қарай талдаңыз.
2-қадам: оқушыларға әдеби эссе жазудың қадамдық нұсқаулығын жасаңыз. Оқу мақсатына сай тапсырма әзірлеңіз.