1-күн 1,2-сабақ
Топтық жұмыс. А.Байтұрсыновтың қағидаларын қолданыстағы бағдарламаның оқу мақсатымен байланыстырыңыз. Оны Тулмин аргументтерінің құрылымына салып талдаңыз, өз ойыңызды мысалмен дәлелдеңіз (1-сурет).
1-үлестірме материалындағы ақпаратты Google doc-те зерделеңіз. Топтық жұмыс уақыты: 10 минут.
Топтардың ой бөлісуі: 2 минут. Кері байланыс: 3 минут
Бағалау критерийлері:
қағиданың идеясын оқу мақсатымен байланыстырады;
құрылымға салып талдайды;
өз ойын нақты мысалмен дәлелдейді.
Тақырыбы: Ел астанасы – сәулет өнерінің жаңа тынысы
Оқу мақсаты: 10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
1-сурет. Тулминг аргументтерінің құрылымы
Жеке жұмыс.Берілген сілтемеге өтіп, интерференция мәселесі бойынша 2-3 ұсынысыңызды жазыңыз.
Филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанның «Дұрыс сөйлейік» атты қазақ ауызша сөз мәдениеті бойынша арнайы бағдарламасында берген сұхбатымен танысыңыз (1-үлестірме материалы).
Оқыту тәжірибеңізде интерференция мәселесі қандай көрініс табады?
Осы мәселені шешу жолдары қандай? 2-3 ұсынысыңызбен бөлісіңіз.
Оқушыларыңыздың сөйлеу мәдениетін қалай дамытып жатырсыз? Жеке тәжірибеңізбен бөлісіңіз. https://kitap.kz/music/9/31-in
1-қадам. Ұсынылған үлгі бойынша мәтінге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасаңыздар. Тапсырманы орындау уақыты: 15 минут. Топтардың ой бөлісуі: 3 минут. Кері байланыс: 2 минут
10- сынып. Қазақ әдебиеті (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Ш. Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесінен үзінді
Оқу мақсаты: 10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау