Білім беру бағдарламасы кешенді емтиханының мақсаты Білім беру бағдарламасында кешенді емтиханды өткізу ережесі


Дене шынықтыру үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы



бет5/22
Дата16.03.2023
өлшемі0,91 Mb.
#74977
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы кешенді емтиханыны ма саты Білім беру б

5.1.8. Дене шынықтыру үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы
Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен ролі. Жеке тұлғаны бағытты қалыптастырудың факторлары мен шарттары. Дене шынықтыру үрдісіндегі интеллектуалдық, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттері, құралдары, әдістері мен түрлерінің ерекшелігі.
5.1.9. Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері
Сабақтарды құру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Сабақ құрылымының негіздері: Оқу сабақтарының сабақтағы және сабақтан тыс түрлерінің сипаттамасы.
II. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жас ерекшеліктері негіздері
5.1.10. Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруының негіздері
Дене шынықтыру жүйесіндегі бастапқы жас буынның ролі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасқа байланысты жіктеліп бөлінуі. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың жасқа байланысты дамуы мен одан кейінгі іс-әрекетке дайындық шарттарының заңдылықтары арқылы айқындалатын дене шынықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.
Бала бақшаларда жүзеге асырылып келе жатқан жалпы тәрбие жүйесіндегі дене шынықтыру әдістерінің бағыты, құралдар құрамы және айқындауыш белгілері.
Мектепке дейінгі сәбилердің күнделікті тұрмыстық жағдайларында дене шынықтыру бағытын тиімді пайдалануының әдіснамалық негіздері.
5.1.11. Мектеп жасындағы дене шынықтырудың негіздері
Мектеп жасындағы балаларға дене шынықтырудың әлеуметтік-педагогикалық маңызы, бағыты мен міндеттері. Мектептегі дене шынықтыруды ұйымдастыру бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар мен бағдарламалар.
5.1.12. Мектеп жасындағы дене шынықтырудың жоспарлары мен бақылауы.
Жұмысты жоспарлаудағы негізгі бағыттар. «Оқушылардың дене шынықтыруы» бағдарламасының сипаттамасы. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үрдісін жоспарлаудағы бірізділік. Жоспарлау құжаттарын құру технологиясы. Бағдарламадағы материалдарды өткізудің жылдық жоспары. Тоқсандық жоспар. Дене шынықтыру сабағының жоспары. Есепке алу және бақылау түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет