Білім беру бағдарламасы кешенді емтиханының мақсаты Білім беру бағдарламасында кешенді емтиханды өткізу ережесі


Дене шынықтыру және спорт педагогикасы пәні



бет8/22
Дата16.03.2023
өлшемі0,91 Mb.
#74977
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
5.2. Дене шынықтыру және спорт педагогикасы пәні

Пәнді оқытудың мақсаты болашақ дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушыларға педагогиканың мәні, ерекшелігі, заңдылықтары туралы тұтас білімдерін қалыптастыру, оқыту технологиялары туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету, олардың практикалық дағдыларын іске асыру.


«Дене шынықтыру және спорт педагогикасы» пәні бойынша оқыту нәтижесі:
- дене шынықтыру мен спорттың жалпы тәрбие үрдісімен себеп - салдарлық байланысын анықтау
- дене шынықтыру мен спортта ғылыми зерттеу әдістерін әзірлеу.
-ДШжС пен жаттықтырушылық қызметтегі озық тәжірибе мен жаңа технологияларды зерттеу және жалпылау.
- дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыру.
- белгілі бір спорт түрінде Табысқа жету үшін үйлесімді даму мен нақты соматикалық және психологиялық ерекшеліктердің оңтайлы арақатынасын табу.
- үздік жаттықтырушылардың тәжірибесіне сүйене отырып, спорт шеберлігінің белгіленген деңгейі үшін нақты спорт түрінде оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесін әзірлеу және практикаға енгізу.
- білім берудің әртүрлі деңгейіне мамандарды даярлаудың мазмұны мен әдістемесін анықтау.
- спортпен шұғылданушылардың жеке басының жағымды қасиеттерін тәрбиелеуде спорт мүмкіндіктерін жобалау


5.2.1. Қазақстанда дене шынықтыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи алғышарттары.
Қазақ педагогикалық пікірлер саласындағы дені сау адамды қалыптастыру идеяларының дамуы. Дене шынықтыру және спорт педагогикасы қалыптасуының алғышарттары. Дене шынықтыру идеяларының генезисі.
5.2.2. Дене шынықтыру мен спорттың жалпы білім беру жүйесіндегі рөлі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы Дене шынықтыру және спорттың алатын орны. Шетелдерде спорт педагогикасы дамуының ұстанымдары. Педагогиканың әдістемелік негіздері. Дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеу әдістерінің жіктемесі және оның мазмұны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет