3.Меншіктер саны бойынша: кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтік болуы керек
4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық; ұжымдық-экономикалық.
А. Ұжымдық–құқықтық кәсіпкерліктер.
Олар өз капиталын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Б. Кәсіпкерліктің ұжымдық экономикалық формасы:
концерн, ассоциация, консорциум, синдикат, картель.
2. Жеке кәсіпкерлік кәсіпорын (егер ол дәл солай тіркелген болса) немесе кәсіпкер (заңды тұлға құрамай әрекет ететін) атынан экономикалық белсенділікті жүзеге асыру нысаны.
Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде алынған табыс пен еркін кәсіпкерлікпен айналысу барысында сезінетін қанағаттану сезімі сыйақы болып табылады. Сонымен қатар ол кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда барлық тәуекелдерді өзіне қабылдайды.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі азаматтық құқық субъектісі сияқты тәуекелді өзіне қабылдап, жүйелі түрде заңды тәртіпте тіркелген мүлікті пайдалану, тауарды сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету арқылы пайда табуға бағытталған қызметті дербес жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты оның белгілері арқылы сипатталады: бастама, коммерциялық тәуекел және жауапкершілік, өндіріс жаңашылдық факторларын құрамдастыру.
Кәсіпкерлік бастамашыл қызмет. Әрдайым жаңа пайда табу мүмкіндігін іздейтін жаңа тауарларды өндіру немесе жаңа нарықты бағындыру сияқты жаңалықтарды табуға ұмтылу- кәсіпкердің ерекше белгісі. Кәсіпкерлік бастама дегеніміз – қатысушылардың өзара пайда табуына ықпал ететін нарықтық айырбас барысында ұсынылған мүмкіндіктерді жүзеге асыру.
Маңызды ресурстарды (капитал, жер, ғимараттар және құрылыстар, жұмыс күші) жағынан қуатты жұмыс істеуші ірі компаниялар бар. Ірі компаниялар шындығын да, кәсіпкерлікпен, яғни жоғарыда көрсетілген қызмет түрімен айналысады. Дегенмен, жеке кәсіпкердің немесе шағын кәсіпорындардың ірі бизнеске қарағанда артықшылықтары да бар. Олар:
- Ірі кәсіпорындар өз мөлшеріне қарай көлемі үлкен өндіріс құруңа ниеттенеді, Яғни нарық қажеттілігі өзгерген жағдайда, кәсіпорынды қайта жабдықтау үшін ірі көлемде қаржы салу талап етіледі. Сонымен қатар, қайта жабдықтауға көп уақыт кетеді. Жеке кәсіпкердің жағдайы алдыңғыға қарағанда қолайлы, себебі олар шағын нарық қажеттілігін басшылыққа алады, жылдам өзгереді.
- Ірі кәсіпорындарды жалдамалы кызметкерлер болып табылатын менеджерелер басқарады. Олар өз лауазымдарын және еңбек ақыларын ғана сақтап қалғысы келеді, яғни тәуекелді қабылдай алмайды. Жеке кәсіпкер немесе шағын кәсіпорынның иесі жеке меншік мүлкін кепілге қойып, тәуекелге барады. Бірақ экономикалық заңдылыққа сәйкес тәуекел көлемі неғұрлым жоғары болса, пайда көлемі де соғұрлым жоғары болады делінді. Сондықтан да кәсіпкерлер тәуекел етеді.
- Мемлекет кәсіпкерліктің дамуына көмек көрсетеді, сондықтан ірі бизнеске және жеке кәсіпкерге немесе шағын кәсіпорынға салынған салық көлемінде айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін. Бұл ірі бизнестің қызметі мен өнімнің құнына қарағанда жеке кәсіпкердің қызметі немесе өнімнің өзіндік құнын төмен деңгейде ұстауға мүмкіндік береді және жеке кәсіпкердің бизнесін бәсекеге қабілетті етеді.
- Сондай – ақ кәсіпкерлер нарыққа жақын орындарда орналасады, ірі бизнес субъектілері көрмейтін мүмкіндіктерді көріп, оны пайдалана алады.
- Кәсіпкерлер өз бизнестерінің жеке иелері болып саналады, олар бизнестің дамуына және табысты болуына тікелей мүдделі. Бұл жалдамалы менеджмент басқарған бизнеспен салыстырғанда олардың бизнесін тиімді етеді.
- Кәсіпкерлер көлемі жағынан шағын және нарыққа бір табан жақын болғандықтан, табысқа жетуге мүдделік танытады, сондықтан олар жаңашылдыққа және шығармашылыққа жақын. Яғни, кәсіпкерлердің бизнестің қолы тимеген жаңа тауарлар мен қызмет түрлерін шығаруға мүмкіндігі бар.
Кәсіпкерлік қызмет қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталаған. Дегенмен, кәсіпкер мүліктік тәуекелді мойына алады. Материалдық мүдде – кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы күші.
Барлық табыстарды кәсіпкерлік қызметтің нәтижесі деп айтуға болмайды. Өндіріс факторларын тиімді пайдалану нәтижесінде алынған болса ғана пайда болып саналады.В.Травин және В.Дятлов сипаттаған менеджер қызметінің өсу кезеңдерін негізге ала отырып, кәсіпкерлікпен айналысу себептерін жас ерекшеліктері мен қажеттілік деңгейіне қарай жіктеуге болады (1- кесте). Әрине төмендегі кесте шартты.
Көп жағдайда кәсіпкерлік қызметті бастаға кез келген жастағы қажеттілік (мұқтаждық) себеп болады. Бір игілікке қол жеткізуге (тамақ, киім, үй және т.б.) немесе жағымсыз нәрседен (қауіп, жалғыздық, ұят және т.б.) қашуға деген талпыныс адамды бір шешім қабылдауға жетелейді. Оған жеке жұмыс уақытын ұйымдастыру кезіндегі ой еркіндігі және еңбек, уақыт, шығармашылық пен ынта арқылы кіріс мөлшерін бақылау (арттыру немесе азайту) басты себеп болады. Сонымен қатар, күресе білу және жеңіске, белгілі нәтижеге жету, сәтсіздіктен қашу адамның өзін – өзі құрметтеу және өзін көпшілікке мойындату сияқты қасиеттерін дамытады. Кәсіпкерлік – адамның өмірде өзін – өзі қалыптастыру тәсілі.