Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет30/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар
1) Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
2) Кәсіпкерліктің функциялары және ерешілік сипаттары
3) Кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму шарттары
4) Жеке бизнес дегенміз не?
6) Кәсіпкерлік қызметпен айналысу себебі


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.
2-тақырып. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері


Дәрістің мақсаты: Шағын және орта бизнес субъектілері және олардың ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу.


Негізгі терминдер:шағын және орта бизнес субъектілері, заңды тұлға, фермерлік қызмет, серіктестер, толық серіктестер, сенім серіктестігі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, өндірістік кооператив.


Дәріс сұрақтары:
1) Кәсіпкерлік қызмет субъектілері: дара кәсіпкерлік және заңды тұлға
2) Орта бизнес субъектілері


1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік деп меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. (АК, 10 бап).
Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы критериилері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және т.б. айтуға болады. Алайда, айтарлықтай жиі қолданылатын критериилерге кәсіпорындағы жұмыскерлердің орташа жылдық саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерии жұмысшылар саны болып табылады. Мысалы, құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-499 адамға дейін «орта» және персоналдар саны 500 ден жоғары болса «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.
Біздің елімізде кәсіпорындағы жұмыскерлер саны мен активтерінің мөлшері бойынша оны шағын, орта немесе ірі бизнеске жататындығын анықтай аламыз. Яғни, басты критерии жұмыскерлер саны және активтердің мөлшері болып табылады.
ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің оташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатқызылады.
Дара кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келіп тіркелу сипатында (явочный характер) болады және оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке алынады.
Дара кәсіпкер тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен жылдық жиынтық табысы жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асқан жағдайда міндетті мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін:
1) тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішін;
2) дара кәсіпкерді тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатын, (3х4 суретін) тіркеу органына ұсынады. Ал тіркеу органы құжаттарды ұсынған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізеді. Егер өтініште басқаша мерзім көрсетілмесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз беріледі.
Егер кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жататын болса кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы оған лицензиясыз қызмет ету құқығын бермейді және мұндай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға міндетті. ҚР Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензиялар берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.
Дара кәсіпкерлік тәртібімен жолаушылар мен жүктерді автомобиль немесе өзге де көлікпен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде лицензия беру үшін жүргізуші куәлігінің болуы жеткілікті негіз болып табылады. Лицензия берілгені үшін дара кәсіпкерден лицензиялық алым алынады.
Медициналық, дәрігерлік, мал дәрігерлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия мерзімі шектелмей (тұрақты лицензия); көлік қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия – кемінде 5 жыл мерзімге; дара кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия – кемінде 1жыл мерзімге, тауарлардың экспорты мен импортына лицензия – лицензиялау туралы заңдарда көзделген мерзімдерге беріледі.


2. Орта кәсіпкерлік субъектілері деп - жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан астам, бірақ 250 адамнан, ал активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз. Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан асатын және активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.
Есірткі заттарының, психотроптық заттардың айналымымен байланысты, акцизделетін өнімді өндіру және көтерме сатуды, астық қабылдау пункттерінде астық сақтау, лотереялар өткізу, ойын және шоу-бизнес, сертификаттау, метрология және сапаны басқару, мұнай, мұнай өімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату, радиоактивті материалдардың айналымы, банк қызметін және сақтандыру нарығындағы қызметті, аудиторлық қызметті, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.



Елдердің аты

Жұмыспен қамту деңгейі

Анықтау критерийлері, жылдық пайда мөлшері, негізгі қор мөлшері, т.б.

Ұлыбритания
- шағын бизнес

- 500 адамға дейін



- жылдық пайда мөлшері 250 мың стерлингке дейінгі

Канада
- шағын бизнес

- 100 адамға дейін



- жылдық табысы 200 мың доллорға дейінгі

Жапония
- шағын бизнес

-орта бизнес



-15 адамға дейін


- 100 адамға дейін



-капиталы 10 млн йенге дейінгі
- капиталы 100 млн йенге дейін

Гермения
- шағын бизнес
- орта бизнес



- 49 адамға дейін


- 499 адамға дейін

- жылдық капитал айналымы 1 млн евроға дейінгі
- жылдық капитал айналымы 100 млн евроға дейінгі

Қазақстан
- шағын бизнес
- орта бизнес

- 50 адамға дейін


- 51 адамнан 250 адамға дейін

- жылына 60 мың мәрте АЕК-ге дейін актив ұстайды



Орта кәсіпкерлік субъектілеріне дара кәсіпкерлікпен қатар, келесі ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар да жатқызылады. Олар:


- толық серіктестік;
- сенім (коммандитті) серіктестігі;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
өндірістік кооператив.
Шаруашылық серіктестік деп – жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес (58 бап, 2-тармақ) шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және өзге де мүлікті енгізе алады. Шаруашылық серіктестіктердің акция шығаруға құқығы жоқ.
Өндірістік кооператив дегеніміз – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Өндірістік кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері жарғыда белгіленеді. Егер өндірістік кооперативтің жарғылық қоры оның мүліктік жарналары негізінде қалыптасса, резервтік қоры жыл сайынғы табыстан аударымдар жасау жолымен құрылады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік жарна енгізу міндеттілігі, басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді.



ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңында көрсетілген критериилерге сүйенсек орта бизнес субъектісіне белгіленген талаптарға жауап беретін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды жатқызуға болады. Ол шаруашылық серіктестіктермен қатар акционерлік қоғамдар да болуы мүмкін.
Акционерлік қоғам деп - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Яғни, акционерлік қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет