Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Кесте 1 - Әр жастағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу себебі



бет29/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Кесте 1 - Әр жастағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу себебі



ҚЫЗМЕТТІК ӨСУ
КЕЗЕҢДЕРІ




ЖАС
ШАМАСЫ



КЕЗЕҢНІҢ МӘНІ



КЕЗЕҢДЕГІ РУХАНИ
ҚАЖЕТТІЛІК




КЕЗЕҢДЕГІ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
ҚАЖЕТТІЛІК




Бастау
Қалыптасу



25 дейін
30 дейін




Оқу, әртүрлі ңызмет
түрлерінде өзін-өзі сынау.
Жұмысты меңгеру,
дағыларды дамыту,
кәсіпкердің, білікті
маманның немесе
басшының қалыптасуы


Өзін-өзі танытуды бастау
Өзін-өзі таныту, еркіндікке
жету, өзін-өзі тану.




Тіршілік қауіпсіздігі,
денсаулық, табыстың
жоғарғы деңгейі




Даму



45 дейін



Әлеуметтік даму, жаңа
дағдылар мен тәжірибе
жинау, кәсіпкерлік
біліктілікті дамыту





Өзін-өзі танытуды
жетілдіру, еркін болу, өз
ойын білдіруді бастау




Денсаулық, табыстың
жоғарғы деңгейі




Сақтау



60 дейін



Кәсіпкер немесе басшы
біліктілігін жетілдіру
шыңы. Біліктілігін арттыру. Жастарды оқыту.




Еркіндікті тұраңтандыру,
дамыту, өзін-өзі таныту,
өзін-өзі сыйлау




Табыс деңгейін арттыру,
басқа да кіріс көздеріне
қызығушылық таныту




Аяқтау



60 дейін



Зейнетке шығуға дайындалу, зейнеткерлік кезіндегі жаңа қызмет түріне ауыстыру




Өзін-өзі тануды
тұрақтандыру, өзін-өзі
сыйлауды дамыту




Аз күш жұмсап, табыс
деңгейін сақтау




Зейнеткерлік



65 дейін



Жаңа қызмет түрімен
айналысу




Жаңа ңызмет саласында
өзін-өзі таныту,
сыйластықты орнықтыру




Табыс деңгейін арттыру,
басңа да кіріс көздеріне
қызығушылық таныту,
денсаулық

.

3. Көптеген адамдар өзінің жеке бизнесін ұйымдастыруға бастапқы капитал қажет деп ойлайды. Бәз мұнымен келіспейміз. Ең алдымен, осы сөйлемдегі капитал нені білдіретіндігін анықтап алу керек. Біздің пайымдауымызша, бұл тек ақшаны білдірмейді. Бизнесті ашу үшін ақша міндетті емес, бірақ қажетті деп айтуға болады.
Сонымен, бастапқы капитал дегеніміз, кәсіпкердің өз ісін ашу үшін салатын күші мен қаражаты.
Мұндай ресурстар кәсіпкердің жеке еңбегі мен уақыты, сол сияқты егер біраз уақыт тегін жұмыс істеуге даяр болса туыстары мен достарының еңбегі мен уақыты деп түсінуге болады. Зияткерлік капитал бизнес ашуға қажетті қаражат бола алады. Бұл кәсіпкердің жеке өз идеясы немесе бөгде тұлғалардың достарынан, туыстарынан алған немесе әдебиеттерден жинаған немесе басқа да кәсіпкерлердің бизнесіне бақылау жасаудан түйіндеген білімі мен идеясы.
Жеке немесе басқа да сыртқы материалдық ресурстарда (ақылы немесе жылдам төлем жасалынатын ғана емес) капитал болады және бизнесті ашу кезінде қолданылады. Мысалы, жеткізуші ұсынған тауар сатылымынан кейін төленетін тауарлық кредитін атауға болады.
Байланыстарда кәсіпкердің ресурсы болып табылады. Достары, туыстары, сыныптастары. Курстастары және басқада таныстары немен айналысу керектігі туралы кеңес береді, өнім несе қызметке қызығушылық танытқан адамдармен немесе бизнеспен байланысуға, материалдық немесе қаржылық ресурстарын тегін пайдалануға көмек көрсетеді.
Қаржылық ресурс сөзсіз, жеке бизнесті ашу мен қолдау үшін өте маңызды фактор болып табылады. Қаржылық ресурс көздері төмендегілер бола алады:
- кәсіпкердің жинаған немесе жеке мүлігін сатудан түскен жеке қаржысы;
- Қарыз ақша. Ақшаны туыстардан, достардан, банктен кредит түрінде қарызға алуға болады;
- Венчурлық қаржыландыру. Бұл қаржыландырудың бір түрі, бизнеске қосқан үлесінен немесе болашақтағы табысынан ақша алу.
Бұл жоғарыда айтып өткендей, ақшаны бизнесті бастауға қажетті маңызды шарт деп қарастырмаймыз. Егер ақша болмаса, оны жеке еңбекпен, басқа да қаражаттармен алмастыруға болады. Бұл жағдайда кәсіпті қызмет көрсетуден бастау керек болады. Кейбір қызмет түрлері материалдық ресурстарды немесе ақшаны мүлдем талап етпейді немесе аз көлемде талап етеді. Бірақ кәсіпкердің атқаратын еңбегіне тәуелді болады.
Біз жоғарыда айтып өткендей, ақшаны бизнесті бастауға қажетті маңызды шарт деп қарастырмаймыз. Егер ақша болмаса, оны жеке еңбекпен, басқа да қаражаттармен алмастыруға болады.
Бұл жағдайда кәсіпті қызмет көрсетуден бастау керек болады. Кейбір қызметтүрлері
материалдық ресурстарды немесе ақшаны мүлдем талап етпейді немесе аз көлемде талап етеді. Бірақ кәсіпкердің атқаратын еңбегіне тәуелді болады.
ЖЕКЕ БИЗНЕСТІ ҚАЛАЙ БАСТАУҒА БОЛАДЫ?
Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің бизнесті дамытуға қаржылық және материалдық ресурстары жоқ дейік.Онда былай істеуге болады.Қоғамдағы қандай да болмасын бір тауарға немесе қызметке деген сұраныс деңгейін белгілеу қажет. Яғни, қайсыбір адамдардың немесе компаниялардың жүзеге асыра алмай жүрген немесе оны жүзеге асыру қымбатқа немесе қиынға түсетін мұқтаждықтары бар ма, соны анықтау керек. Содан кейін бұл мұқтаждықтарды жүзеге асыра алатын немесе осы мұқтаждықты арзан әрі оңай шешетін тұлғаларды табуы қажет. Бұдан әрі кәсіпкер жеткізушіден өнімді алады, оны қажет еткен адамға сатады. Бұл жағдайда кәсіпкер өнімді сатып алу үшін өзінің жеке қаражатын жұмсайды немесе сатылғаннан кейін төлеуге келісім алады. Сатып алу мен сату арасындағы айырмашылық кәсіпкер үшін табыс көзі болып табылады. Бұл делдалдық қызмет деп аталады. Кейбір мәмілелер кәсіпкерге бизнесті дамытуға және кеңейтуге жеткілікті ресурс жинауға мүмкіндік береді.Бірақ кәсіпкерлердің барлығы бір затты сатып алып, оны қайта сатумен айналыспайды. Бастапқы қаржылық немесе материалдық ресурстарды талап етпейтін қызмет түрлері де жеткілікті. Бұған қызметті тікелей немесе дербес ұсыну жатады. Кәсіпкер өзінің еңбегі және тәжірибесіне сүйеніп қызмет көрсетеді және соған сәйкес сыйақы алады. Мысалы, шаштараз, бала бағу, пәтер тазалау және т.б. қызметтер болуы мүмкін.Бір уақытта бір немесе бірнеше клиентке бірдей қызмет көрсетілуі мүмкін. Бұл делдалдық қызмет деп аталады. Мысалы, жеке риелторлар бөлмені сататын немесе жалға беретін, керсінше бөлмені сатып алатын немесе жалға алатын адамдарды іздейді және оларды табады. Мәміле жасау кезінде риелторлар өзіне тиесілі комиссиялық алымды алады.Қызмет көрсету үшін қосымша қаржылық немесе материалдық ресурс қажет бола бермейді. Кәсіпкердің тек еңбек ету керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет