Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет32/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Табысқа жету факторлары


2. Мотивация дегенміз не?
3. Жеке тұлғалық сипаттамалар дегенміз не?
4. Техника – экономикалық негіздеу дегенміз не?
5. Бизнес – идея дегенміз не?


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.
4-тақырып. Нарықтық мүмкіндіктерді талдау


Дәрістің мақсаты: Шағын және орта бизнестегінарықтық мүмкіндігінің мәні мен мазмұнына түсінік беру.


Негізгі түсініктер: Нарық, нарық мүмкіндігі, қызмет, сервис, марктингтік зерттеулер, нарықтық үлес, нарық көлемі, тұтынушылар, баға, нарық жайлы ақпарат.


Дәріс сұрақтары:
1. Нарықтық мүмкіндік түсінігі, мәні мен маңызы
2. Нарық жайлы ақпарат жинау әдістері
1. Кәсіпкерлік қызметтің табыстылығы тауарға немесе қызметке деген сұранысқа байланысты. Сонымен қатар нарықтағы жағдайды бәсекелестердің саны мен бизнесті жүргізу шарттары белгілейді.
Нарықтағы жағдай үнемі өзгеріп тұрады. Бүгін белгілі бір затқа сұраныс болса, ертеңгі күні сұраныс болмауы мүмкін. Кәсіпкер бизнес тұрғылықты өңірмен шектелмей, бизнесті бұдан әрі дамыта ма, сол жағын ойлануы керек. Бизнесті басқа қалада, басқа өңірде немесе басқа мемлекетте жүргізу мүмкіндігі туралы ойланыңыз.
Нарықтық мүмкіндіктер – кәсіпкердің өзінің бизнесін ұйымдастыру мен жүргізу үшін, одан табыс табу үшін пайдаланылатын кез келген қолайлы жағдайлар, қолданыстағы ахуалдар.
Кәсіпкерлердің төмендегідей перспективалық қызмет салаларында бизнесті бастауға және дамытуға мүмкіндігі бар:
- қызметтер – сервис, жабдықтарға қызмет көрсету және күтім жасау, күзету, қоғамдық тамақтану, оқу, балалар мен қарт адамдарға күтім жасау, жеміс – жидектер мен көкөністерді сұрыптау және т.б.
- қоршаған ортаны қорғау – таза ауа, су, жерді сақтау қалдықтары жою және т.б.
- бос уақытты пайдалану – туризм, дәстүрлерді оқып білу, мерекелерді ұйымдастыру және өткізу және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет