Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар
Дара кәсіпкерліктің мәні, жіктелуі, түрлерін сипаттаңыз.
Шаруашылық серіктестіктердің түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктеріне сараптама жасаңыз.
Өндірістік кооператив және акционерлік қоғамның қандай артықшылықтары мен кемшіліктері, өзгешеліктері бар?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.
2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.
3-тақырып. Кәсіпкерлік психологиясы
Дәрістің мақсаты: Қазақстанда шағын және орта бизнестегікәсіпкерлік психологиясынның мәні мен мазмұнына түсінік беру.
Негізгі терминдер:кәсіпкердің қасиеттері, дағдылар, жеке тұлғалық сипаттамалар, мотивация, табыс, табысқа жету факторлары, стресс.
Дәріс сұрақтары:
1. Кәсіпкер, кәсіпкердің қасиеттері
2. Бизнестің табысты болуына әсер ететін факторлар
1.Кәсіпкерлік адамның соған толық берілуін және өзінің барлық назарын мақсаттар арнауын қажет етеді. Ол тәуекелдермен байланысты болып келеді, алайда сонымен қатар даму мен өсіп-өркендеудің белгілі түрдегі мүмкіндіктерін ұсынады. Жеке өз бизнесің – бұл ермек емесбұл күнделікті еңбек және өзің үшін ғана емес, өзіңнің айналаңдағы адамдар үшін, отбасың, жақындарың мен туыстарың үшін және бізге жұмыс істеп жатқан адамдар үшін жоғары жауапкершілік. Мұндай қадамды әркім жасай алмайды, жалданбалы қызметкер санатынан, жұмыссыз адам санатынан бизнестің меншік иегері санатына әркімнің ауысуына қабілеті жете бермейді.
Кәсіпкер – өз ісін құра отырып, тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір, өз өмірін өзгерткісі келетін әрі қажырлы түрде көп еңбек етуге даяр адам.
Ол үшін белгілі бір білімі мен дағдылары болып, жеке тұлғалық сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болуы қажет.
- Бұл тізімдегі ең қарапайым нәрсе – білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқулықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те.
- Дағдылар – бұл алған біліміңді практикада қолдана білу. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз, сол істі Сіз барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.
Дағдылар – бұл алған біліміңді практикада қолдана білу. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі ай- налысып отыратын болсаңыз, сол істі Сіз барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.
Жеке тұлғалық сипаттамалар – бұл адамға индивидуум ретінде тəн болып келетін, оны өзге адамнан ерекшелігін көрсететін қасиеттері. Бұл бізге бизнесте себін тигізіп немесе керісінше, та- бысты болуға кедергі болатын нəрсе. Бəрімізге белгілі, адамның мінезін оның мінез-құлқы көрсетеді. Кəсіпкерлік тəртіп- бұл көшбасшылық қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілеттер жиынтығы. Кəсіпкер үшін ең басты қасиеттердің бірі өз өзіне жəне өз күшіне деген сенімділігі. Адамның сенімділігі оның мінез-құлқынан да көрінеді: - ол өзгелерге өз ойын жеткізе алады; - ол өз сезімі мен əсершілдігін байқата біледі; - оның өз көзқарасы бар; - ол өзгелерге өзгеше пікірді ұстану құқығын береді; - ол белсенді жəне бастамашыл; - ол өз мақсаттарына қол жеткізуде табандылық байқатады; - ол өз бетінше шешім қабылдай біледі. Бизнесті жүргізу адамды білімін арттырып, жетіліп жəне дамып отыруға міндеттейді.
Алайда кəсіпкер үшін ең маңыздысы - мотива- ция. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкіншіліктеріне деген ішкі сенімі. Сіз тəуелсіз болуды қалайсыз.Сіз ақша табу- ды қалайсыз. Сіз отбасыңыз бен жақындарыңыздыосыған сендіре аласыз. Сіз өзіңіздің табысқа жететініңізге шын сенімдісіз. Тек осындай жағдайда ғана Сіздің талабыңыз үлкен табысқа жеткізеді. Осындай ынта-жігеріңіз қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан, ойыңызды жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен бірге, кəсіпкер тек өзін ғана ынталандырып қоймай, айналасындағыларды да бизнестегі серіктестерін, қол астындағыларды, клиенттерді позитивті энергиямен жігерлендіре білуі керек. Кəсіпкер үшін қандай қасиеттер маңызды бо- лып табылады? Төменде солардың үлгілік тізбесі келтірілген.
«Табысты кəсіпкерлер кімдер деген?» сұраққа М. Сторидің ауқымды түрдегі берген жауаптарынан мыналарды атап көрсетуге болады:
олардың күнделікті көздеп отыратын арманы бар;
олардың өнімдеріне немесе қызмет түрлеріне де- ген шексіз сенімі;
олар əрдайым бір нəрсе жасауға талпынып оты- рады;
олар өнертапқыштар;
олар шыдамсыз жəне ашушаң, олардың əрдайым уақыты жетпей жатады;
олақ қайсарлы жəне табанды;
олар пайда көруді мақсат етеді;
олар табысқа жетуді мақсат етеді, алдын-ала бірнеше жылға арнап жоспар құрады; өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін өзгелерден жақсы біледі;
барлығын қайта бастаудан қорықпайды;
олар үшін ақша басты немесе жалғыз ғана ынта- ландырушы мотив болып табылмайды;
олар барлығын өздері жасайды;
олар аздаған өзгерістердің мəнін, олардың бизнесте табысқа жетуде тигізетін əсерін түсінеді;
олар өсуді қалайды;
тұтынушының басымдылыққа ие рөлін түсінеді;
үлкен тəуекелге бара жатырмын деп ойламайды; олар жинақты; олар өздері шын қалайтын нəрсені сұрайды;
олар нарыққа өте сезімтал болып келеді;
оларды қорқыту оңай емес;
олар жалғыздыққа үйренген;
олар бөлісуге əзір;
олар кереғар, қиқар жəне кірпияз.
2.Табысқа жету факторлары. Табыс – бұл қайсыбір мақсатқа қол жеткізудегі сəттілік, жұмыстағы жоғары нəтижелері үшін көпшіліктің құрметіне ие болу. Əрбір кəсіпкер өзінің кəсіпкерлік қызметінде табысқа жетуге талпына- ды. Кəсіпкерлік табысқа бірнеше факторлардың əсерінің арқасында қол жеткізіледі:
сəттілік немесе жолы болғыштық, «керек уақыт- та керек жерде болды», «мүмкіндігінжібермейді»;
сынап көру мен қателіктер жасау əдісімен,түрлі нұсқаларды іріктеу əдісімен белсенді түрде іздену;
білікті есеп жəне оңтайлы нұсқаны таңдау;
өз ресурсын пайдалану: білімін, шеберлігін,дағдылары мен жеке сипаттамаларын;
жоғары дəрежедегі мотивация, адамның ал- дына қойып отырған мақсаттарына қол жеткізуге деген ниеті. Əрине, табысқа жетудің аса маңызды факто- рына өз-өзін мотивациялау жатады. Адамның да- мып отыруға деген ниеті, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Мотивацияның күші мақсатқа жетудің жылдамдығын белгілейді. Кəсіпкердің мотивациясы, ең алдымен, оның өзіне байланысты болады. Өз-өзін оптимистік сарын- да ұстау, ертеңгі күнін көре білу жəне соған бүгін əсер ете білу – бұл іскер адамның ұлы шеберлігі. Сіздің оптимистік көзқарасыңыз Сіздің қызметіңізге тікелей əсерін тигізіп отырады. Сергек жəне көңілді болыңыз, стратегиялық тұрғыдан ой қозғауға – келешекті көріп, соны болжап жəне жоспарлап отыруға тырысыңыз. Позитивтік көзқарас – табысқа жетудің кепілі. Əзіл Сіздің міндетті түрдегі серігіңізге айналуы тиіс. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар егер күлімсіреу, күлкі мен əзіл болса, əрдайым та- бысты болмақ. Алайда, есіңізде болсын, Сіз күлкілі болмауыңыз керек, Сіз жайдарлы жəне көңілді болуға тиіссіз. Табысқа жету Сізге ғана емес, Сіздің айналаңыздағы адамдарға да байланысты бола- тынын естен шығармаған жөн. Отбасыңыздың, достарыңыз бен жақындарыңыздың қолдау көрсетуі қанаттандырып жəне кез келген қиындықтарды жеңу үшін күш бітіреді. Отбасының əл-ауқаты мен берекесі – кəсіпкердің басты мақсаттарының бірі. Кəсіпкерлік пайда – табыстың ерекше түрі, жеке бизнес саласындағы іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік пен коммерциялық та- быс əкелетін жаңа идеяларды, техникалық жəне ұйымдастырудың жаңа əдістерін жүзеге асырудан айқындалатын жаңашылдық үшін сыйақы. Пайда қуу кəсіпкерлерді өз капиталын тəуекелге тігіп, қызметкерлерді жалдап жəне тауарларды өндіру мен қызмет түрлерін ұсыну үшін қажет бола- тын нəрсенің барлығын сатып алуға мəжбүрлейді. Пайда сонымен қатар үлкен ынталандырушы күш болып табылады. Алайда, адамдарды бизнеспен айналысуға итермелейтін жалғыз себеп пайда табу ғана емес. Өз ісін бастауға сонымен қатар жеке басының тəуелсіздігіне қол жеткізу жəне сүйікті ісімен өзіне ыңғайлы болатын уақытта айналысу мүмкіндігі, өз қабілетін ашуға немесе отбасылық дəстүрлерді жалғастыруға деген ниеті ынталандыруы мүмкін. Кəсіпкердің жолында тек табыс пен сəттілік қана болмайды, сонымен бірге қиыншылықтар да кездеседі: - Ақша жағынан қиындық. Бизнес үнемі қаржы бөлуді талап етеді. Жоспарлаған табысСіз ойлағандай көп бола қоймас. Сондықтан жеке өндіріспен байланысты барлық мүмкін боларлық шығындарды есептеу керек. - Уақыттың жетіспеуі. Сіз бизнесіңізді алғаш бастаған кезде, Сізге уақытпен санаспай, демалыс- сыз жұмыс істеуге тура келуі мүмкін. Сізге ол үшін шыдамдылықпен өз уақытыңызды жоспарлауға үйрену қажет болады.
- Стресс. Үйреншікті өмір салтының өзгеруі, айналадағы ортаның өзгеруі жəне бар күшті салып жеке бизнесті ұйымдастыруда Сізді алаңдаушылық пен үрей билеуі мүмкін. Өз ісін ашқан əрбір адам мұндайды басынан өткерген. Сіз жалғыз емессіз, ал стресс – уақытша жəне өтіп кететін құбылыс! Барлық қиыншылықтарды бастан өткергеннен кейін, Сіз тəуекелге барғаныңыз үшін сыйлыққа – дербестік пен тəуелсіздік, басқару мен шешім қабылдау мүмкіндігі, бəрі нəтижелі болғанына деген мақтаныш сезімі.
Өз ісін бастау үшін не қажет? Шешім қабылдамас бұрын өзіңіздің келе- шек кəсіпорныңыздың табысты болатынына Сіздің қаншалықты сенімді екеніңізді ойлап көріңіз. Себебі жеке өз бизнесің дегеніміз – бұл ермек емес, бұл адамның соған толық берілуін қажет ететін жұмыс. Егер Сіздің ниетіңіз (мотивацияңыз) болса, Сіз өз- өзіңізге сенімді болып жəне кəсіпкерлердің көп санды əскерінің құрамына енуге дайын болсаңыз – ТЭН (өз бизнесіңіздің техникалық-экономикалық негіздемесін) жасауға кірісіңіз. Асықпаңыз, өз ісіңізбен байланыс- ты алдағы уақытта күтіп тұрған барлық ықтимал жағдайларды, мүмкіндіктер мен тəуекелдерді есептеп шығыңыз. Мұндай негіздеме, ең алдымен, Сіздің өзіңізге қажет. Оны құрастыру кезінде Сіз мүмкін, бизнесіңіздің сондай бір қуантарлық картинасына ие болмайтын бо- ларсыз, алайда Сіздің табысқа жету жолында қандай қиындақтарға кез болатыныңызды түсінетін боласыз. Келешек бизнесті сипаттау бізге өзіміздің келешек айналысатын кəсіпкерлік қызметімізге неғұрлым түбегейлі көзқараспен қарауға көмектеседі. Бизнеске ТЭН беру үшін кəсіпкерліктің ең бас- ты құжаттарының бірі – бизнес-жоспарды құру қажет, оған бизнес-идея, маркетинг жоспары, қаржы, қызметкерлер бойынша жоспар кіреді. Сонымен қатар Сізге толыққанды жұмыс істеу үшін қандай бастапқы капиталдың қажет болатынын түсіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |