А.КИБРИК: “Тілдік формалар когнитивтік құрылымдарды таныта алған жағдайда ғана тіл когнитивтік қырынан көрінеді”, - деп тұжырымдайды.
Ж.МАНКЕЕВА: “Тілдегі мазмұнның сақталуы оның куммулятивтік қызметімен тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланысты болып, тұтас күйіндегі когнитивті парадигма құрайды”, - деп санайды.
КОГНИТИВТІ БАҒЫТТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕР
Тіл білімінің психолингвистикалық саласы ресми түрде 1953 жылы АҚШ-ның Блумингтон қаласында өткен алғашқы семинарда сөз болып, тіл мен психология пәндерінің арасында өзара түйісетін, тоғысатын құбылыстардың салдарынан адамның жеке сөйлеу әрекеті мен коммуникативтік актіде айқын байқалатын ерекшеліктерді терең зерттеу қажеттілігінен туындады.
Достарыңызбен бөлісу: |