Әбілхан Алдамұратов психолингвистика мен оны зерттеудің мақсат-міндеттерін өздігінше айқындап көрсетті: «Қазіргі кезде тіл психологиясы саласында жүргізілген зерттеулердің бағыт-бағдары мен ерекшеліктері мынадай белгілер арқылы ерекшеленеді деуге болады: бірінші белгі — психолингвистиканың негізгі зерттеу нысаны –сөйлеу операцияларының мән-жайы, яғни күрделі психикалық іс-әрекет ретінде қарастырылуы тиіс. Екінші белгі – сөйлеу әрекеті психологиялық тұрғыдан белгілі бі себепке тіркеледі де, ол қалайда өз алдына мақсат-міндет қояды. Бұл мақсат бойынша сөйлеу әрекетінен өзге де мәселелердің сырын тілдік құрал арқылы шешуді талап етеді. Үшінші белгі – тілдің ақиқат жүйесі. Бұл ерекшелік тілдегі бірліктердің өзара байланысуы мен жіптесуі. Төртінші белгі – адамның түрлі іс-әрекет түрлері сияқты сөйлеу әрекеті де белгілі мақсатқа бағытталып жоспарланған міндетті шешуді көздейді. Мұндай ерекшелікте сөйлеудің қарым-қатынас жасаудағы мақсты көзделіп, ондағы міндетті шешудің жанама жолы мен тәсілін қамтиды»,- деп тұжырымдайды.
1) Адамның сөйлеу қызметін зерттеу, яғни сөйлеудің тууын және оны түсінуді зерттеу;
2) Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісін зерттеу;
3) Ішкі лингвистиканың әдістері арқылы алынған мәліметтердің шыншылдығын анықтау (Верификация лат.verus – шындық ).
Психолингвистиканың мақсаттары
төмендегідей:
Психолингвистикада тәжірибенің негізгі үш түрі бар:
1) Зертханалық тәжірибе – тәжірибе өткізушінің күні бұрын тұжырымдалған гипотезаны тексеруі үшін өткізілетін тәжірибе;
2) Табиғи тәжірибе – сөйлеу үрдісін информанттарға табиғи жағдайда (жанұя, мектеп, жұмыс орны) өткізу;
3) Ассоциативті тәжірибе – информантқа әсерлеу мақсатында оның екі және одан да көп тілдердегі белгілі бір сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге реакциясын тексеру.
Прагмалингвистиканың пәні (гр.pragma-қимыл, қатынас) нақты коммуникация үрдісінде тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін, яғни нақты бір ситуация кезіндегі нақты индивидтердің вербалды және вербалды емес қатынас құралдарын қолданып, пікір алмасуды зерттеу болып табылады. Яғни адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді, қатынас құралдарын қалай қолданады және тағы сол сияқты мәселелерді зерттейді.
Прагмалингвистика өткен ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған тіл білімінің жас, жаңа саласы. Алғаш Ч. Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне Ю. С. Степанов, А ван Дейк, Г. Г. Матвеева, О. С. Москальская сынды ғалымдар еңбектерін арнап, прагматика теориясын дамытуға азды-көпті үлестерін қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |