Оқыту нәтижелері Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Локомотивтердің электр жабдықтарын сипаттау, олардың тораптарының мақсатын, жұмыс шарттары мен принциптерін сақтау. 2. Локомотивтердің электр жабдықтарын жөндеуді орындау. 3. Локомотивтің электр машиналарында электротехниканың негізгі заңдарын, электр тізбектері мен магнит өрістерінің теорияларын қолдану. 4.Электр машиналарын жобалау, сынау және пайдаланылуы бойынша практикалық міндеттерді шешу. 5. Электр машиналарының қарапайым есептері мен сынақтарын орындау.
Модуль мазмұны 1. Локомотивтің электр жабдықтарын сипаттау, олардың тораптарының мақсатын, жұмыс шарттары мен принциптерін сақтау Локомотивтердің электр жабдықтары туралы жалпы мәліметтер және ерекшеліктері туралы жалпы түсінік. Электрлі жабдықтардың жағдайлары және тағайындалуын меңгеру. Электр жабдықтарына қойылатын талаптарды меңгеру. Электрмен дербес жабдықтау жүйесі. Тұрақты тоқ генераторы бар жүйенң меңгеру.
2. Локомотивтердің электр жабдықтарын жөндеуді орындау Локомотивтың орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесі туралы жалпы түсінік. Вагон-электростанциясы орнатылған жүйесін меңгеру. Локомотивтен жолаушы вагондарына жоғары кернеу өткізетін жүйесін меңгеру. Дизель-генераторлы агрегатторды үйрену.
Электрлік машиналар және трансформаторлар туралы жалпы мағлұматтар. Электрлік машиналар және трансформаторлар үшін пайдаланылатын материалдар. Электр машинасының әрекет ету принципі және құрылғысы. Тұрақты токтағы машинаның әрекет ету принципі. Тұрақты токтағы машинаның құрылғысы және негізгі элементтерінің қиыстырмасы. Тұрақты токтағы машинаның зәкір орамалары. Ораманың құрылысы. Тұрақты токтағы машинаның магниттік тізбегі. Машинаның магниттелу сипаттамасы. Тұрақты токтағы машина зәкірінің реакциясы. Коммутация. Тұрақты токтағы генератор. Тәуелсіз қоздырудағы генератор.