Мақсаты және міндеті Аталған модуль білім алушыларға локомотив құрылымының механизмдері мен бөлшектерін үйрену, пайдалану үдерісінде механизмдер мен жүйелерді білу және баптау жұмыстарының кешенін түсіндіреді.
Модульге кіріспе Локомотив деп жолаушылар немесе жүк вагондарын сүйреуге арналған темір жол жылжымалы құрамының бірлігін айтады. Қазіргі кездегі локомотив паркі олардың типтері мен құрылысының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік тасымалдаудың әр түрлі талаптарын қанағаттандыру, темір жолдың көбірек жүк өткізу қабілеті, жолаушыларды жайлылықпен қамтамасыз ету, тез бұзылатын жүктердің құнды қасиеттерін жоғалтпау, бірқатар жүктерді жауын-шашыннан қорғау, әмбебеаптық, жүк көтерімділікті мейлінше максималды қолдану және т.б. талаптарға негізделген. Локомотивтер тағайындалуына, техникалық сипаттамасына және пайдалану орнына қарай бөлінеді. Тағайындалуына қарай локомотивтер жүк, жолаушы және маневрлік болып бөлінеді. Жүк тасымалдайтын локомотивтердің қуаты әлдеқайда көп, салмағы ауыр, алайда жылдамдығы шектеулі болады. Ал жолаушы вагондарын сүйреуге арналған локомотивтер жеңіл, жылдамдығы жоғары және қуаты шектелген болып келеді. Маневрлік локомотивтер де сәйкесінше станса ішіндегі жылжымалы құрамдарды сүйреуге арналған. Олар көбіне станса ішінде ғана жұмыс жасайды және жақын маңдағы стансаларға ғана шығады. Маневрлік локомотивтедің күштік сипаттамалары жақсартылған болып келеді.
Оқыту нәтижелері Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Локомотив құрылысында қолданылатын материалдар және шекті кернеулерді игереді;
2.Локомотив типтерін таңдау, локомотив параметрлері және ұзындық өлшемдерін таңдай алады;
3. Локомотив габариттерін анықтайды;
4. Шанақ және жүрістік бөлік құрылғылары бойынша білімдерді игереді;
5. Арбашалардың қызметі және жіктелуін біледі;
6. Локомотив шанақтарының жіктелуі. Шанақтар құрылысының принциптері.