Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


Шанақ және жүрістік бөлік құрылғылары бойынша білімдерді игеру



бет39/56
Дата28.11.2023
өлшемі488,19 Kb.
#130674
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
4. Шанақ және жүрістік бөлік құрылғылары бойынша білімдерді игеру
Доңғалақ жұбы жүріс бөліктеріне жатады және локомотивтің ең жауапты элементтерінің бірі болып саналады. Олар рельс жолымен локомотив қозғалысын бағыттауға және айналу кезінде локомотивтен рельске берілетін барлық жүктемелерді қабылдауға арналған. Жүктелудің күрделі жағдайларында жұмыс істей отырып, дөңгелек жұптары үлкен сенімділікті қамтамасыз етуі тиіс, өйткен пайыз қозғалысының қауіпсіздігі осыған байланысты. Буксалар локомотив жүріс бөліктерінің маңызды элементі болып табылады және пойыз қозғалысының қауіпсіздігі осыған байланысты. Буксалар ось мойнында орналасады және локомотивтің қажетті жылдамдықпен жүрісін қамтамасыз ете отырып дөңгелек жұбының айналу қозғалысын түрлендіреді. Дөңгелек жұптарына жүк тиелген кузовтың ауырлық күшін локомотив қозғалысының қисық учаскелеріне бағыттағыш өтпелерінен жол қыртыстарымен, рельстің тегіс емес жерлерімен қозғалысында тежемеде, локомотивті төбеден жібергенде дөңгелектің башмакқа жүрісінде, дөңгелекті айландыру бетімен тегіс емес прокатпен ползунның болуымен және т.б. динамикалық жүктемелерді қабылдайды және береді.


5. Арбашалардың қызметі және жіктелуін білу
Локомотив доңғалақ жұптары, рессорлық аспа, арқалықтар және басқа да жүріс бөлігінің элементтері арбаша деп аталатын дербес тетікті құрайды. Арбашалар локомотивтің рельс жолымен қозғалысын бағыттау, шанақтан жолға барлық жүктемелерді тарату және беру, тарту және тежегіш күштерін қабылдаумен қатар локомотив қозғалысының минималды кедергісі мен қажетті бір қалыпты жүрісін қамтамасыз ету үшін қызмет жасайды. Арбашаларды жүріс бөліктері ретінде қолдану жүк көтерімділігі көп және үлкен базалы локомотивтерді шығару қажеттілігімен байланысты. Арбашалар қызметіне қарай жүк және жолаушылар болып екіге бөлінеді. Локомотив арбашалары өс санына, рессор аспасының орналасуына, локомотив шанағынан арбаша рамасына және рамадан доңғалақтар жұбына жүктемені беру әдісіне байланысты ажыратылады. Доңғалақтар жұбының санына байланысты арбашалар бір өсті, екі өсті, үш өсті және көп өсті болып бөлінеді. ТМД темір жолдарында ең кеңінен тараған екі өсті арбашалар. Дегенмен үш және төрт өсті арбашаларымен локомотивтерде бар. Сонымен қатар үш өсті арбашалар локомотивте қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет