Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс. Персоналдың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріу және персонал еңбегін ынталандырудың (стимулдау) дің психологиялық ерекшеліктері



бет3/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
3-дәріс. Персоналдың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріу және персонал еңбегін ынталандырудың (стимулдау) дің психологиялық ерекшеліктері

Егерде субъект түсінігінің пайда болуын қарастырып отырса, онда ол еуропалық тілмен персона деп аталды. Бұл сөздің шығуы тарихта жасырын болды, Латын тілінде персона этрусск мәдениетінен келген. Этрусск - Римді УІ ғасырға дейін жаулаған Аппенин жарты жағалауының солтүстік-батыс бөлігінің елді мекені. Б.э.д. ІІІ ғасырда Римді этрускілер басып алды, осы мәдениеттен. латын тілінде кейбір терминдер қалған, солардың бірі персона (persona) термині. Бұл сөз, көне театрда актерлар киген масканы және грамматикалық субъектіні білдіреді.


Маска актерге құдайдың еркін орындауға көмектесетін ұқсас егіз қос сияқты, бір иррационалды бастау болып табылды. Маскінің, ымдаулардың көмегімен адам құдайға жақындады. Персонаның ежелгі грекше эквиваленті prosopon деген сөз болды. Ол адамдағы бір рухани бастау болып табылды. Ол денеден үзілмеді, руханилық ұғымы немесе тұлға бөлінбеді, себебі руханилықтың өзі бөлінбеді. Осылайша персона сөзі пайда болды, алайда оның қазіргі жаңа мазмұны мүлдем басқаша құрылу сызығын алады. Ежелгі |Грецияда Левкип пен Демокрит барлық әлем бөлінбейтін бөлшектер майда атомдардан тұрады деп түсінілді.
Олар айрықша (уникалды), жалқы, тәуелсіз болды. Грек атом сөзінің эквиваленті латын тілінде individuum сөзі болды. Осы сызық дамудың тұлға жайлы қазіргі жаңа түсініктерге жақын, алайда «персона» сөзі ой қозғалысымен басында байланысты болмады.
ХУІІ ғасырда Еуропада адамның қоғам алдында өз міндетерімен, құқықтарымен және істері үшін жауапты болады деген идея пайда болды. Адамның заңды анықтамасы оның тілдегі тәуелсіздігін ұғынуға әкелді. Көне «персона» сөзін ауыстыру, белгілеу үшін тұлға ұғымы пайда болды. Ресейде субъект ұғымы өзінің индивидуалдылығымен, құндылықтарымен берілген өзіндік санасымен байланысты адамның тағайындалуы, индивидуалды істері жайлы ғалымдардың, өнер адамдарының ойларында ХІХ ғасырда пайда болды.
Орыс тілінде тұлға сөзі өзінің бастауын «жеке» (личный) деген сөзден алады. ХУІІІ ғасырда тұлға сөзі сирек қолданылды және негативті бояуға ие болды (қазір олар ғылыми сөздер болсада, «тип» немесе «субъект» сияқты сөздер жатады). Психология ғылымында тұлға деп басқа адамнан айырмашылығы бар, көзге түскен, дарынды адамды айтпайды, бірақ белгілі бір жастан бастап кез келген адамды айтады. Психология тұлғаны сөзді игерген, әлеуметтік байланыстарға түсетін адамның психологиялық сипаттамасы ретінде қарастырады.
Сонымен қатар субъект адамның өзі емес. Философияда адамның маңыздылығы оның қабілеттерімен, өзіндік реттелуге, өзіндік шарттануа, не істеу керек екенін шешуге, қандай шартты таңдау керектігіне, ақылмен, қабілетпен әлеуметтік өзара әрекетке түсетін жағдаймен байланыстырады. Тұлға өзара әрекет пен танымның әлеуметтік құралдарын меңгерген. Солар арқылы тұлға өзінің іс-әрекетін жүзеге асырады, қандай болғысы келетін өз идеалдарымен өзін өсіреді, коррекциялайды.
Ғылыми психология субъектіні белгілі бір жаста берілетін және оның басқа адамдармен, әлеуметтік шарттармен өзара әрекеті барысында пайда болатын бір тұтастық деп атайды. Егер бала социумнан тыс дамыса, оны тұлға деп атамайды. Сонымен бірге жануарды және баланы 3 жасқа дейін тұлға деп атамайды. Тұлға әрбір адамға тән нәрсе, алайда психикалық аурумен ауыратын адамдарды кейде оларды әлеуметтік жоспарда тұлға сипатында болу қабілетін жоғалтады деп жиі айтылады. Бір қатар психикалық аурулар жалпы алғанда адам тұлғасының бұзылуымен байланысты болады. Кейбір жағдайларда адам жиі түрде өзін тұлға ретінде көрсету қабілетін жоғалтып жатады.
Мысалы байбалам жағдайында, адамдар жиналып қалғанда адам жалпы күйге бағынып, өзі шешім қабылдауға, өзі қалай әрекет еткісі келеді соны таңдауға өзінің шамасы келмей қалады. Субъектінің өзіндік бағынуы және тәуелсіздігі оның сергектену деңгейінен байланысты болады. Ұйқылы адам өзін тұлға ретінде көрсете алмайды және өзбеттілі, жауапкершілікті бола алмайды.
Психологияда тұлғаны зерттеуге деген әртүрлі ықпалдар бар. Тұлғаның анықтамасы қаншалықты болса тұлғаны суреттеуге деген талпыныс та соншалық. Тұлға тарихи, сондықтанда тарихтан тыс тұлға жоқ Адамның тұлғасы жүз жыл бұрын өмір сүрседе ол екі жүз жыл бұрын өмір сүрген адам тұлғасынан, қазіргі жаңа адамнан айырмасы болады. Тұлға тарихи дамудың, әлеуметтік факторлардың құрылуының өнімі болып табылады, өз мәселелерін қоғамға кіре отырып шешіп, тұлға болып қалыптасады.
Субъект өзі өмір сүретін тарихи дәуірдің барлық ерекшеліктерін өзіне алады, сонымен қатар басқа адамдармен байланысқа түсетін әлеуметтік топтардың да ерекшеліктеріне ие болады, олардан ақпараттар, эмоциялық қолдаулар, даму шарттарын алады. Субъект ұғымы бір адамды басқа адамнан ажырату үшін де айтылады, яғни индивидуалды сипаттамалардағы айырмашылықтарды көрсетеді. Осы сипаттамаларға немесе тұлғалық сапаларға қоршаған адамдар бағдарланады, олардан қандай әрекетті күтуге болатынын, олармен байланысқа түсе отырып соны ұйғарады.
4-дәріс. Жұмыс процесіндегі мотивациялардың психологиялық аспектілері
Субъект жалғыздықта дамымайды, ылғида басқа адамдармен не тура не жанама байланысқа түсіп дамиды. Адам іс-әрекет барысында өзінің қатынастар призмасы арқылы өз өмірін, объектілерді, нәтижелерді, қатысуларды, өз сезімдерін бағалайды. Осы «призма» әлеуметтік өзара әрекет барысында меңгерілген және қалыптастырылған позицияларды, білімдерді, ішкі бағдарлануларды көрсетеді. Әлеуметтік білімдерді, ептіліктерді, реттеу тәсілдерін меңгеру сөз, мәдениеттің белгі жүйелері арқылы өтеді.
Бала тұлға бола отырып қоршағандармен қосылып өз істері мен шешім қабылдауында тәуелсіздік ала бастайды. Өзбеттілікке қабілет әлеуметтік шарттарға қатысты «болады», онда бала затсызданып (распредмечивание), ашылып тұлғаға айналатын қабілеттерін таратады. Субъектінің автономдылығы әлеуметтік байланыстардан, басқа адамдардан толық ажыратылады дегенді білдірмейді, алайда ол мына жағдайды білдіреді, адам қоршаған адамдар беретіндерді тек меңгеріп ғана қоймайды, оларды қайталау, қайта жаңғырту қажет екенін білдіреді.
Бірақта тұлға өз дамуында әлеуметтік факторлармен күрделі диалогқа түседі. Субъект сол қоршаған ортамен байланысқа түсе ме, оның нәтижелеріне ұқсағысы келе ме сондай шешімді қабылдай алуға қабілетті болады және өзбеттілі дамиды. Тіпті тұлға ұғымы ғылымның мәселесі болса да, тұлғаны түсінуде оны логикалық анықтау дегенді білдірмейді. Субъект қасиеті бар субъект ретінде басқа кез келген зат сияқты болмыста көрінбейді. Ол белгілі бір міндеттерді шешу үшін, моделдеудің, белгілі бір тәсілдерін жасаудың абстракциясы. К.К. Платоновтың ойынша, «тұлға ол күй.... рух пен жан, ол өмірде берілетін құрметті атақ емес. Ол өз бейнесін жоғалтуы мүмкін, адамдық намысын жоғалтуы мүмкін...тұлға ішкі мен сыртқының гармониясы, интеграциясы, қосылуы».
Субъект өзінің жоғарғы көрінулерінде түсінуді талап етеді, алайда ол қасиеті бар объект ретінде көріне алуға қабілетті болады. Сондықтанда тұлға әрекетінің кейбір бөліктерін оның қасиеттерімен байланысты сыртқы объект ретінде де қарастыруға болады. Ол мәселеден шығудың бір жолы өзін құрай алатын қабілетті игерген субъект ретінде тұлғаны қарастыру идеясын жасау болып отыр. Бұл ғылыми бағыт, оны философияда, өнерде осы жағдайды нақты сезінеді.
Психологияда танымдық процесер психологиясы туралы түсініктерді білеміз, адам қалай қабылдайды, қалай есте сақтайды, информацияларды қалай қайта өңдейді біз ол туралы білеміз. Алайда адамдардың көпшілігінде ойлау қабілеті, зейіні, қиялдауы, ес әрекеті шамамен алғанда бірдей болады, бірақ өмірде олар өздерін әртүрлі ұстайды. Әлеуметтік мінез-құлықтағы осы айырмашылықтарды толығымен түсіндіру мүмкін емес, тек танымдық процестерге сүйеніп бір түсініктерді беруге болады. Сондықтанда адамның психологиясы жайлы басқа аспектілерді білу керек, ол әлеуметтік мінез-құлықтағы индивидуалды айырмашылықтарды терең түсінуге мүмкіндік береді. Әрине танымдық процестер туралы түсініктерден қандай да бір жақтарын түсінуге болады, алайда ол адамды терең психологиялық түсінуге жеткізбейді.
Біз тек ойлау мен еске сүйеніп қалай адамдық моралды түсіне аламыз. Бұл мәселені шешу үшін қабілетті, темпераментті, мінезді, қызығуларды, қажеттіліктерді, сезімдерді, адам қатынасы жайлы білу керек. Олардың бәрі тұлға түсінігіне кіреді. Аталған психологиялық қасиеттер орнықтылық сипаты болғандықтан адамдар арасында болатын тұрақты индиивдуалды айырмашылықтарды суреттеуге мүмкін етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет