Байланысты: лекциялар «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу» (1)
15-дәріс. Жұмыскердің кәісіби-іс-әрекетінің психодиагностикасы Субъектінің орнықты құрылымы, оның иерархиялық құрылымы жайлы мәселе шет ел психологиясы мен кеңестік психологияда жасалды. Шет ел психологиясында осы мәселені түсінуге екі ықпал жасалды, солардың негізінде тұлға теориялары жасалды: психодинамикалық теория және қырлар теориясы.
Психодинамикалық теория өкілдері З. Фрейд, К.Г. Юнг тұлға құрылымын белсенді үнемі бір бірімен өзара әрекетте болатын психиканың саналы және бейсаналық компоненттерінің динамикалық арақатынасы деп көрсетеді. Бұл өзара әрекет ішкі жеке бастық конфликт сипатына ие болады.
Басқа сөзбен айтсақ тұлғалық қасиеттер бірыңғай ансамбльге, табиғаты мен шығуы бойынша бір біріне қарсы психикалық элементтер бірігеді. З. Фрейд үш компонентті модель ұсынды: Ол (ид Id), Мен (Ego Эго), Жоғары Мен (Супер EgoЭго). Ид психиканың бейсаналық бөлігіне сәйкес келетін тұлғаның кіші құрылым, туа берілген инстинкті әуестенулер (сексуалдылық пен агрессия). Санадан ығыстырылған, басып тасталған, әлеуметтік нормаларға жатпайтын тілектер. «Қанағаттану» принципі доминант болады, біріншілей қажеттіліктерді қанағаттандырады, логика мен моральға бөтен болады, өздері түс көрулер мен фантазияларда көрінеді.
Мен (Ego) индивидуалды дамуда Ид шығады және субъектінің сана (өзіндік санасын) сферасын жасайды. Бұл кіші құрылым Ид мен Жоғары Меннің арасында делдал рөлін ойнайды. Индивидтің бейсана әуестенулері, тілектері мен ұмтылулары әлеуметтік орта қоятын мәліметтермен келісімге келуге шақырады сөйтіп салыстырмалы интрапсихикалық тепе теңдікті қамтамасыз етеді.
Эго «реалдылық принципіне» бағынады, осы құрылыммен логика, рационализация, «дені дұрыс ойлауға» байланысты болады. Ол үнемі Ид мен конфликтіде болады, қорғаныс механизмдері арқылы оның нормаға жатпайтын және бұзатын импульстерін басып тастайды немесе біріншілей қажеттіліктерді «қанағаттандыруға артық мерзімді» қамтамасыз етеді.
Жоғары Мен (Супер Ego) ішкі тұлғалық моралдық нормалармен, тыйым салынғандармен, мінез-құлықтың әлеуметтік стандарттарымен, құндылықтармен, ішкі бағдарланулармен қамтылады. Ол ар ұят кіші құрылымы ол социум талаптары бұзылғандағы кінәлі сезіну сезімдерімен, кінәні бастан кешірумен байланысты болады. Онтогенезде ішкі жоспарға өту нәтижесінде пайда болады. Цензура принципіне бағынады санаға тиімсіз тілектер мен ойларды жіберуге қарсыласады. Суперэгоның арқасында инстинктер мен әуестенулер энергиясы Ид-ға шоғырланып сублимацияланады, әлеуметтік қажетті арнаға қарай бағытталады және өзгереді.
К.Г. Юнгта тұлға құрылымында психикалық әрекеттің үш деңгейі көрсетіледі: сана, тұлғалық бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Тұлғалық бейсаналықтың құрылымдық компоненттері комплекстер болып саналады (ұғынылмаған және аффективті зарядталған түсініктердің констелляциясы), ал ұжымдық бейсаналық архетиптерден тұрады.
Юнг тұлғаның кіші құрылымдарына келесі конструктарды көрсетеді: Эго, Персона, Көлеңке, Анима (Анимус) және Өзіндік (самость). Эго сана өрісі және түсініктерді ұғынатын жалғыз комплекс, Персона (маска) әлеуметтік ішкі бағдарланулар мен рөлдерден тұрады, Көлеңке тұлғадағы қаламайтын және қабылданбайтындардың бәрі болып табылады, Меннің саналы бейнесіне қайшылықты болады Эгомен конфронтацияда болады.
Анима ер адамның психикасындағы феминді көрінулердің барлық жиынтықтары мен әйелдің ұғынылмаған бейнесі (Анимус соған қарсы ер адамдық мускулиндықты көрсетеді). Өзіндік тұлғаның терең интеграцияланған құрылымы, тұтастық пен мағына архетиптері, олардың мағынасы мынада психиканың саналы бейсаналық элементтерін сатылап синтездеу, ішкі қайшылықтарды жеңуге барлық психикалық процестерді бағыттау, тұлғалық мағынаға ие болу.
Юнг бойынша тұлға құрылымы бинарлы ішкі тұлғалық оппозициялардан құрылады: Персона Көлеңке, Эго ұғынылған жыныстық идентификация мен қарама-қарсылықты бейсаналықтың феминді кіші құрылым Анима (Анимус). Индивидуалды даму (Индивидуация) сол полярлықтың интеграциясын және Өзіндіктің негізінде тұтас уникалды тұлға құруды ұйғарады. ХХ ғасырдың көптеген шет елдік теорияларда тұлғаның құрылымдық бірліктеріне «қырлар» алынады (қырлар теориясы), тұтастықты құрайтын тұлғаның орнықты функционалды сипаттамаларын табады.
Қырлар теорияларының бірі Г. Оллпорттың теориясы, онда келесі қырлардың түрлері бөлінеді: тұлғаның жалпы қырлары; индивидуалды қырлар немесе жеке бастық диспозициялар. Бірінші топқа индивидтің кез келген сипаттамасы кіреді, екінші топқа «жеке бастық диспозициялар» адамды уникалды жасайды және басқа адамдармен салыстыруды жібермейді.
Оллпорт бойынша тұлғаның барлық қырлары проприум деп аталатын бірыңғай ерекше конструктарды біріктіреді. Жеке бастық диспозициялар белгілі бір деңгейде ерекше сапаға ие болады тұлғаға әсер ететін биологиялық пен әлеуметтік факторларға қатысты автономдылықты береді.
Тұтас құрылым ретінде тұлғаны талдаудың тәуелсіз ықпалын орыс психологы А.Р. Лазурский жасады, тұлға құрылымындағы маңызды екі компонентті көрсетті: эндопсихика ішкі тұлғалық психикалық пен психофизиологиялық функциялардың жиынтығы, оған темперамент, мінез, ақыл-ой дарындылығы жатады; экзопсихика тұлғаның табиғатқа, қоғамға, рухани қажеттіліктерге, басқа адамдарға, меншікті өзінің рухани әлеміне қатынастардың жиынтығы.
Осы жағдайлар кейін В.Н. Мясищев еңбектерінде өз жалғасын тапты. Кеңес психологиясында тұлғаның құрылымдық ұйымдасуы жайлы түсініктерді С.Л. Рубинштейн жасады, тұлғаның құрылымында темперамент, мінез, қабілет, бағыттылық пен өзіндік сана болады. Алайда А.Н. Леонтьев тұлға адамның әлеуметтік маңызы деді, сондықтанда темперамент, мінез, қабілет, адамның білімі тұлға құрылымына оның кіші құрылымдары сапасында кіреді, олар тек әлеуметтік құрылулардың қалыпатасу шартын құрайды деді.
Б.Г. Ананьев психикалық құрылымдарды суреттегенде кең категория таным субъектісі «адам» деген категорияны пайдаланды, оған психологияның жеке ұғымдарын кіргізді: «индивид, индивидуалдылық, іс-әрекет субъектісі, тұлға». Адамның жалпы құрылымы кіші құрылымдардан тұрады, мысалы индивид кіші құрылымға жас ерекшелігі мен жыныстық және индивидуалды типтік қасиеттер (конституционалды, нейродинамикалық және басқа ерекшеліктер), психофизиологиялық функциялар, органикалық қажеттіліктер, нышандар, терпмперамент жатады.
Субъект тұлғалық қасиеттердің екі класын құрайды: тұлғаның бірінші қасиеттерінен статус, әлеуметтік рөлдер, құндылықтарға бағдарланулар, екінші қасаиеттеріне мотивация, қоғамдық мінез-құлық құрылымдары, сана, өзіндік сана жатады.
Кеңес психологиясында әртүрлі ықпалдарды жалпылау нәтижесінде құрылымдық талдауда К.К. Платанов жасады ол тұлғаның динамикалық, функционалды құрылымы деп аталады. Ол төрт тұлғалық кіші құрылымдардан тұрады: тұлғаның биопсихикалық ( типологиялық және жас жыныстық) қасиеттері; жеке психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері; білімдер, ептіліктер, дағдылар, әдеттер жиынтығы болатын тәжірибелер; бағыттылық кіші құрылым және тұлға қатынастары.
Осы берілген кіші құрылымдарға сәйкес темперамент пен қабілеттер кіші құрылымдары жатады. Кеңес психологиясындағы теориялардың көпшілігінде бағыттылық пен ерік тұлға құрылымына жатады, ерік әрекетін мотивтердің иерархиясынсыз қарау мүмкін болмайтындықтан бағыттылық тұлғаның мотивациялық құрылымының тікелей көрінуі болып табылады, яғни мотивациялық ядросы болып саналады.
В.С. Мерлин интегралды индивидуалдылық деген теория жасады. Индивидуалды ерекшеліктердің екі тобын көрсетті: темперамент пен писхикалық процестердің индивидуалды сапалы ерекшеліктерін біріктіретін кіші құрылымдар; индивидуалдылық қасиеттер оған үш кіші құрылым кіреді: мотивтер мен қатынсатар, мінез, қабілеттер. Барлық көрсетілген кіші құрылымдар жанамалайтын звеноның арқасында іс-әрекетпен байланысты болады.
Субъект ( адам тұлға ретінде) этностық психологияда: әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі, психосоциалды қасиеттерді тасушы; бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасатын индивидтің жүйелі сапалары. Индивидуалдылық «тұлғаның тереңдігі» ол адамның субъектілік, тұлғалық, индивидтік қасиеттердің бірлігі мен келісімділігінің нәтижесі деп қаралды.
А.Н. Леонтьев іс-әрекет концепциясында сананы психологиялық категория ретінде бөліп алды, яғни нақты индивидтердің психикасы мен қоғамдық сананы оның формалары арасындағы байланысты жасайтын реалды ауысуларды түсіну деп білу керек деді.
Тұлғаны писхологиялық зерттеу пәні деп қарастырды. Қажетттіліктер мен әуестенулер табиғатына деген кең тараған көзқарастардың мәні мынада, олар тұлағ іс-әрекетін, бағыттылығын анықтайды, ендеше психологияның басты міндеті қандай қажеттіліктер адамға тән болады олар қандай психикалық бастан кешірулерді
Басқа бір көзқарас біріншіден айырмасы сол олар іс-әрекеттің дамуы оның мотивтері мен құралдары оның қажеттіліктерін қалай трансформациялайды дегенді түсіну қажет, олар қалай жаңа қажеттіліктерді тудырады дегенді түсіну керек, соның нәтижесінде олардың иерархиясы ауысады олардың кейбіреулерінің қанағаттандырылуы адамның тұлға ретінде өмір сүруі үшін, іс-әрекеті үшін қажетті шарттарды жасағанға дейін шығарылады деді.
Ең негізгі психологиялық проблема ол ол іс-әрекет қандай болады, оның дамуы қалай өтеді, сол қажеттіліктер сонымен бірге қалай өзгереді деген сұрақтар туындайды. Адамның тұлғасы оның іс-әрекетіне байланысты бекітіледі. Тұлға теориясы тек оның тәндік құрылысы арқылы жасалмайды Индивидтің антропологиялық қасиеті тұлғаны анықтаушы ретінде емес оның генетикалық берілген тұлғаны қалыптастырушы шарт ретінде анықтайды, оның писхологиялық қырларын емес тек олардың көріну формаларын ғана анықтайды.
Мысалы агрессиялық субъект қыры ретінде флегматикке қарағанда холерикте басқаша кездеседі, алайда агрессиялықты темпераменттің ерекшелігі ретінде түсіндіру мағынасыз болып саналады. Ендеше темперамент проблемасы, жүйке жүйесінің қасиеттері тұлға теорияларынынан «шығарылмайды», тұлғадағы туа берілген индивидуалды қасиеттер мен қабілеттерді қолдану деп дәстүрлі емес жоспарда түсіндіреді.
Субъектінің құрылымы әртүрлі ықпалдарда әртүрлі беріледі. Құрылым тұлғаның кіші құрылымдарының, жақтарының белгілі бір байланысы болады дегенді көрсетеді. Әр ықпалда тұлғаның ерекше әртүрлі жақтары, байланыстары бөліп көрсетіледі. Б.Г. Анаьевтің тұлға құрылымы теориясында мына идея жасалған, жеке алынған индивидтің құрылымы түр ретіндегі адамның барлық сипаттамалары негізінде талдануы керек. Индивидте соның бәрі болмасада сипаттамалардың толық жинағы сол индивидтің тұлға құрылымын талдау үшін негізболып саналады.