Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс.Жұмыстың тиімділігін өлшеудің психологиялық аспектілері



бет8/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
лекциялар «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу» (1)

9-дәріс.Жұмыстың тиімділігін өлшеудің психологиялық аспектілері

Х1Х ғасырдың 60-жылдары жеке бастық көптеген сапаларды құрылымдау сұрағы туындады және тұлғаның жалпы құрылымын табу талпыныстары жасалды. Бұл тұрғыдан К.К. Платоновтың ықпалы соған сәйкес болды, тұлға биосоциалды иерарахиялық құрылым деп түсіндірілді. К.К. Платонов келесі жеке құрылымдарды көрсетті: бағыттылық; тәжірибе («білім, ептілік, дағды); бейнелеудің әртүрлі индивидуалды ерекшеліктері (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау) және темпераменттің біріктірілген қасиеттері.


К.К. Платоновтың ықпалы сынға ұшырағаны белгілі (мәскеулік психологиялық мектеп). Себебі тұлғаның жалпы құрылымы оның биологиялық және әлеуметтік шарттанған ерекшеліктердің жиынтығымен интерпретацияланды. Нәтижесінде тұлға психологиясында ең басты нәрсе биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынас мәселесі болды. К.К. Платоновтың көзқарасына қарсы биологиялық тұлға құрылымына кіре отырып әлеуметтікке айналады деген пікір пайда болды.
1970-жылдардың аяғында тұлға мәселесіне қатысты құрылымдық ықпалға бағдарланудан басқа жүйелік ықпал концепциясы қатар дами бастады. Бұл тұрғыда А.Н. Леонтьевтің идеясы аса қатты қызығулар туғызады. Оның пікірінше тұлға қоғамда адам өмірін туғызатын ерекше бір типтің психологиялық құрылуы. Әртүрлі іс-әрекеттердің бір-біріне бағынуы тұлғаның негізін жасайды, оның қалыптасуы әлеуметтік даму (онтогенез) процесінде өтеді.
А.Н. Леонтьев «тұлға» ұғымына адамның генотипті шарттанған ерекшеліктері – физикалық конституцияны, жүйке жүйелерінің типтерін, темпераментті, биологиялық қажеттіліктерді, аффективтілікті, табиғи нышандарды, сонымен қатар меңгерілген өмірлік маңызды білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды жатқызбады. Жоғарыда келтірілген категориялар оның пікірінше адамның индивидтік қасиеттерін құрайды.
А.Н. Леонтьевтің пікірінше «индивид» ұғымын біріншіден, адамның биологиялық түрдің ерекше жеке түрі ретінде бөлінбейтін және тұтастық деп түсіну керек, екіншіден, ол басқа биологиялық түрлерден ерекше ажыратылады. А.Н. Леонтьев неге осы сипаттамаларды екі топқа бөлді: индивидтік және жеке бастық? Оның пікірінше индивидтік қасиеттер оның ішінде генотипті шарттанғандар адам өмірінде әртүрлі болып ауыса береді.
Алайда олар жеке бастық (тұлғалық) құрылымдар бола алмайды, себебі тұлға индвидтің алдыңғы тәжірибесімен байытылмайды. Индивидтің қасиеті тұлға қасиетіне өте алмайды. Тіпті трансформацияланғандардың өздері де индивидтің қасиеттер болып қала береді және олар құрылып жатқан тұлғаны анықтай алмайды, тек оның қалыптасуына алғаы шарт пен жағдай ғана жасай алады.
А.Н. Леонтьев көрсеткен тұлға мәселесін түсінудегі ықпал мәскеулік көптеген психологтардың жұмыстарында көрініс тапты (А.В. Петровский). «Психологияда тұлғаны индивидтің заттық іс-әрекет пен қарым-қатынаста меңгерген әлеуметтік сапалардың жүйесі ретінде белгіленеді және қоғамдық қатынастардығы деңгейлері мен сапалары индивидте көрініс табуымен сипатталады» - деп жазады А.В. Петровский.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет