Білім беру бағдарламасы Мамандық «6М050300-Психология» мамандығы» «Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»


-дәріс. Психологиядағы өлшеу: баллдық бағалау және жұптық салыстыру



бет7/14
Дата09.05.2023
өлшемі87,26 Kb.
#91215
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
8-дәріс. Психологиядағы өлшеу: баллдық бағалау және жұптық салыстыру

Көптеген социологизаторлық концепцияларда бар, оларда рекапитуляция заңынан шығады, алайда мұнда біршама басқаша көзқарасты білдіреді. Бұл концепцияларда индивидтің психикалық дамуы қоғамның тарихи даму процестерінің негізгі сатыларында, ең алдымен мәдени, рухани өмір сатыларында жасалады деп қарастырды. Мұндай концепцияны В. Штерн жасады.


Олар ұсынған рекапитуляция принципінде жануарлардың да психикасының эволюциясы, қоғамның рухани даму тарихы бәрі қамтылады. Әрине біз жоғарыда айтылған ықпалдардың шынайлығы жайлы талқылайық деп отырғанымыз жоқ. Алайда, осы аналогияларды келтіре отырып әрбір қоғамдағы қоғамдық тарихи даму процесінде дамитын оқыту мен тәрбие процесінің жүйесін ескермеу мүмкін емес.
Әрбір ұрпақ сол қоғамда қалыптасқан даму процесіне тап болады, ендеше адамға өзінің дамуында алдыңғы өткен сатыларды қысқартып қайталап өту мұқтаждығы мүлдем жоқ. Әрине ешкім де қарсы емес адам белгілі бір биологиялық түр болып туылатындығы ол шындық. Сондай-ақ адам туғаннан кейін белгілі бір әлеуметтік ортаға тап болады сондықтанда тек биологиялық объект ғана еме қоғамның нақты мүшесі ретінде де дамиды.
Әрине бұл екі тенденцияда адамның даму заңдылықтарында өз көріністерін табады. Сондай-ақ бұл екі тенденция үнемі өзара әрекетте болады, ал психология үшін олардың өзара байланысы сипатын табу маңызды болып табылады. Адамның психикалық даму заңдылықтарын зерттеген көптеген зерттеу нәтижелері бойынша индивидтің психикалық дамуының бастапқы алғы шарты оның биологиялық дамуы болып саналады деп айтуға болады. Индивид белгілі бір биологиялық және физиологиялық механизмдер жиынтықтарымен туылады және олар психикалық дамудың негізі бола алады. Алайда мұндай алғы шарттар тек адам қоғамда болған кезде ғана таралады.
Адамның психикалық дамуындағы биологиялық пен әлеуметтіктің өзара әрекеті мен өзара әсері мәселесін қарастыра отырып, адам ұйымдасуының үш деңгейін көрсетеміз: биологиялық ұйымдасу деңгейі, әлеуметтік деңгей және психикалық ұйымдасу деңгейі. Сөйтіп «биологиялық-психикалық-әлеуметтік» триадасындағы өзара әрекет жайлы сөз болып отырғанын ұғыуымыз керек.
Осы берілген триада компоненттерінің өзара қатынастарын зерттеу ықпалы «тұлға» ұғымының психологиялық мәнін түсінуден қалыптасты. Алайда психологиялық жоспарда тұлға қалай түсініледі деген сұраққа жауап беру оңай емес, ал ол міндеттің шешілуінің өз тарихы бар. Бүгінгі әртүрлі психологиялық мектептерде «тұлға» ұғымы және тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы, олардың психикалық дамудағы рөлі әртүрлі түсіндіріледі.
Көптеген ресейлік психологтар «тұлға» ұғымы әлеуметтік ұйымдасу деңгейіне жатады деген пікірге шүбәсіз келіссе де олардың көзқарастарында бәрібір келіспеушілікті көруге болады. Мұндай мәселені біз негізгі орталықтар болып отырған Мәскеулік және Санкт-Петербург психологтарында тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтік детерминанттардың көрінуі жайлы әркелкі көзқарастарды кездестіреміз.
Мысалы мәскеулік ғалымдардың жұмыстарда әлеуметтік детерминанттар тұлға дамуы мен қалыптасуында басты рөл атқарады деген пікірлерді кездестіруге болады. Сонымен қатар Санкт-Петербург университеттерінде тұлға дамуындағы биологиялық пен әлеуметтік детерминанттардың тең құқылы болатындығы жайлы көзқарастарды көреміз.
Біздің ойымызша бұл көзқарастар бір бірінен айырмасы болсада олар өзара бір-бірлерін толықтырады. Кеңестік психология тарихында тұлғаның психологиялық мәні жайлы түсініктер бірнеше рет өзгеріп отырды. Алдыменен психологиялық категория ретінде тұлғаны ұғыну алынды, содан соң тұлға бір психикалық болмыс ретінде құрыла отырып құрамдас бөліктің бір бөлігі ретінде түсінілді.
Бұл жағдайда субъект адам психикасының ерекшелігі, сапасы, қасиеті, қырларының жиынтығы ретінде ұғынылады. Белгілі бір көзқарас тұрғысынан бұл ықпал ыңғайлы болушы еді, себебі соның арқасында көптеген теориялық қиындықтардан құтылуға болады. Алайда тұлғаның психологиялық мәнін ұғынуда бұл ықпал А.В. Петровский көрсеткендей «коллекциялық» болып табылушы еді және бұл жағдайда тұлға мінезді, темперамент қырларын, қабілеттерді, қызығуларды қабылдайтын бір «қоймаға, орынға» айналады. Бұл ықпал тұрғысынан психологтың міндеті осы айтқандардың бәрін каталогизацияға апару және адамдағы қайатланбас индивидуалдылықты табуға келтіреді де «тұлға» ұғымын оның категориалды мазмұнынан айырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет