Модуль тапсырмалары: 6.1 Қазақстанға арналған кондукторлық шеген құбырын құрастыру және оған қажетті тереңдікті анықтау.
6.2 Қазақстанға арналған кондукторлық шеген құбырын құрастыру және қажетті кіріс параметрлерін, беріктік қорының АНИ жіне СЭКХ бойынша коэффициентін анықтау.
6.3 Жоғары қысымдағы терең ұңғымаға арналған шеген құбырын құрастырудың әрекеттер қатарын жазу.
Модуль 7. Цементтеу
Оқудың нәтижесі (білім мен білік): Цементтеудің қажеттілігін, сонымен қатар цементтеуге Қазақстанда қойылатын құқықтық-нормативтік талаптарын түсіндіру. Қолжетімді цементтіңтүрлерін, цемент ерітіндісінің қасиеттерін (қатаю уақытын, цементтің бекуін тездететін қоспаларды қолдану) баяндау. Цемент ерітіндісіне қажетті құрғақ цементтің көлемін (салмағы), ерітіндіге керекті су шамасын, су көзін, ерітіндінің шығу көлемін түсіндіру.
Модуль тапсырмалары: 7.1 Цементтеудің қажеттілігін, сонымен қатар цементтеуге қойылатын құқықтық-нормативтік талаптарын түсіндіру.
7.2 Цементтеу көлемін нақтылау және цементтің қол жетімді түрлерін сипаттау.
7.3 Цементтеуге қажетті қоспалардың түрлерін атау және оларды қолданудың мүмкін жайттарын сипаттау.
Модуль 8. Цементтеу ІІ
Оқудың нәтижесі (білім мен білік): Қазақстанның жанармай-энергетикалық қорларын тиiмдi қолдану Басқармасы бекіткен әр түрлi шеген құбыр тiзбектерi үшiн цемент ерітіндісіне қойылатын талаптарға сай олардың орналасу орындарын анықтау.ерітіндінің көлемі мен құрғақ цемент салмағын есептеу. Жұыстың талапқа сай орындалуын қамтамасыз ету үшін далада орналасуына қойылатын талаптары тұжырымдау керек.
Модуль тапсырмалары: 8.1 Таза ұңғымадағы шеген құбырды цементтеу үшін қажетті цементтік ерітіндінің көлемін анықтауға қажетті есептеулерді орындау.
8.2 Цементтеу жұмысын сапалы орындау үшін ерітіндіні тиімді орналастыруын анықтау және цементтеу жұмысының ретін баяндау.