Оқудың нәтижесі (білім мен білік): Колонналар аралық қысым пайда болатын зоналарды, оларды цементтік тығындармен бөлектеу орындарын анықтау керек. Цементтік тығындарға қажетті цемент мөлшерін есептеу керек. Орындалатын жұмыстардың Қазақстанның жанармай-энергетикалық қорларын тиiмдi қолдану Басқармасының талаптарына сай орындалып жатқанын қадағалау қажет.
Модуль тапсырмалары: 9.1 Жою жұмысы талапқа сай кезекпен өтіп жатқанын, гидравликалық изоляцияның толық қамтамасыз етілетініне көз жеткізу керек. Әр жағдайда ұңғыманы жою үшін атқарылатын жұмыстардың орындалу ретін нақтылап , ұңғыманы жоюдың ашық забоймен жоюға қойлатын талаптарды нақтылау және цменттік тығындардың орналасуын дәлелдеу және түсіндіру қажет.
9.2 Цементтік тығын үшін қолданылатын цементтің техникалық сипаттамаларын ескеріп ерекше ұңғымаларды жою зоналарын анықтау.
Оқудың нәтижесі (білім мен білік): Берілген телімде бұрынғы ұңғымаларда қолданылған бұрғы қашауы жайлы деректерді жинақтап, олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алып, өз бұрғылау жоспарыңа оны енгізу кере.
Модуль тапсырмалары: 10.1 Бұрғылау журналдарынан жинақталған деректер бойынша таңдап алынған бұрғы қашауына арналған бағдарлама жасап, оны бұрғылау жоспарына енгізу.
Оқудың нәтижесі (білім мен білік): Кондукторлық және эксплуатациялық шеген бағандарды құрастыру.
Модуль тапсырмалары: 11.1 Қол жетімді деректер мен шеген бағандарының сипаттамаларын қолданып, ұңғыманы шеген бағандармен бекіту жоспарын жасап, бұрғылаудың жоспарына енгізу.
Модуль 12. Зертханалық жұмыс - Цементтеу
Оқудың нәтижесі (білім мен білік): Кәдімгі ұңғымаларды шеген бағандарды цементтеуге қажетті құрғақ цементтің салмағы мен цемент ерітіндісінің көлемін есептеу.