Модуль 16. Өнімділік индексінің IPR (забойлық шапшыма қысымының дебитпен арақатынасы) теңдеуі
Оқудың нәтижесі:
Өнімділік индексінің IPR теңдеуін шешу, ұңғыманың қабат пен кездесу жеріндегі қысымның белгілі мәнінде немесе осы жердегі сәйкес массалық шығындағы дебитін анықтау
Модуль тапсырмалары:
16.1 Өнімділіктің IPR индексін анықтау теңдеуіндегі айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру
16.2 Тізбектей және параллель жалғанған құбырлар жүйесінің эквиваленттік құбырының диаметрін анықтау.
16.3 Бір сипаттаманы анықтау сынақтары арқасында өнімділік индексін есептеу.
16.3. IPR өнімділіктің кестесін құру, өнімділіктің IPR индексін анықтау теңдеуі арқылы мұнай ұңғымасының дебитін және әр түрлі қысымға арналған графиктерін алу.
16.4 Өнімділіктің IPR индексін анықтау теңдеуі арқылы мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі қысымды немесе ұңғыманың дебитін есептеу.
Модуль 17. Вогель әдісі бойынша ұңғыманың максимал дебитін жобалау үшін есептеулер
Оқудың нәтижесі:
Ұңғыманың дебитін жобалау үшін Вогель әдісі бойынша есептеу және ұңғыманың сәйкес дебитінде ұңғыма мен қабаттың кездесу жеріндегі анықталған қысым үшін дебитті есептеу.
Модуль тапсырмалары:
17.1 Вогель әдісі бойынша максимал дебитті жобалау кезіндегі есептеулерді жүргізу үшін қолданылатын айнымалылар мен жорамалдарды түсіндіру.
17.2 Бір сипаттама негізінде анықталатын qmax есептеу.
17.3 IPR өнімділіктің кестесін құру, мұнай ұңғымасының максимал дебитін Вогель әдісімен анықтап, әр түрлі қысымға арналған графиктерін салу
17.4 Мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі қысымды немесе ұңғыманың максимал дебитін Вогель әдісі бойынша есептеу
Модуль 18. Вогель IPR жалпы теңдеуі
Оқудың нәтижесі:
Вогель IPR жалпы теңдеуін есептеу, ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі қысымның анықталған мәнінде дебитті есептеу, немесе ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі дебитке сәйкес қысымды есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |