Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Бұрғылау ерітіндісін жіберетін жүйе, айналмалы көтеру құралы, қозғалтқыштың құрамды бөліктері және олардың жұмыс принциптері мен қызметтерін анықтау.
Модуль тапсырмалары: 4.1 Бұрғылау қондырғысын энергиямен қамтамасыз ететін дизельдік жүйе жұмысы
4.2 Бұрғылау қондырғысының компоненттеріне электрэнергиясының қалай жеткізілетінін түсіндіру.
4.3 Бұрғылау қондырғысындағы осы қондырғының энергиясын қолданатын компоненттерді атау.
4.4 Көтеруші жүйенің жұмыс принципін, құрамдас бөліктерін және қызметін анықтау.
4.5 Айналмалы жүйенің жұмыс принципін, құрамдас бөліктерін және қызметін анықтау.
4.6 Циркуляциялық жүйенің жұмыс принципін, құрамдас бөліктерін және қызметін анықтау.
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Бұрғылау қаптамаларының бар түрлерінің қолданылулары.
Модуль тапсырмалары: 5.1 Үшшарлы конус тәріздес қашаудың орындалатын жұмыс сапасына әсері.
5.2 Әр түрлі жыныстарды бұрғылауда ең тиімді қашаудың түрін анықтау.
5.3 Әр түрлі жыныстарды бұрғылауға қажетті қашаудың бастапқы жүктемесін (ННД) бір минут ішіндегі айналым санын (ВвМ) анықтау.
5.4 ИСМ қашауының жалпы конструкциясы (поликристалдық жасанды алмазбен бекемдетілген қаптама).
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті): Талапқа сай бұрғы бағанның төменгі жағының қарапайым құрастырылымын құрастыру.
Модуль тапсырмалары: 6.1 Қашауға берілген жүктемені қамтамасыз ету үшін қажетті ауырлатылған құбырдың өлшемдерін көрсету және ауырлатылған бұрғылау құбырларының белгілі бағандарына қолданылатын қашауға түсіруге болатын салмақты анықтау.
6.2 Беріктілік коэффициентіне сай жұмыс істеу үшін барынша мүмкін көлбеу ұзындығы мен бұрғылау құбырының салмағын есептеу.