Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет38/191
Дата19.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#95340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   191
Курсты бағалау жүйесі




Қабылдау және қабылдау мүмкіндігі

10 %

Дәрісханалық баға

50 %

Айтылу

10 %

Кәсіпқойлылық

10%

Тапсырмалар

20%

Барлығы

100 %



Бағалар шкаласы



Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0
Ең төмен өту балы

0-49

F

0.0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Кәсіби ағылшын тілі


Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы


Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.


№____хаттама2012ж. «___» _____

ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков


Мазмұны
бет










1.

Түсіндірме жазба

58

2.

Курстың мазмұны

59

3.

Оқыту әдістері

68

4.

Оқыту ресурстары

68

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

68

6.

Курсты бағалау жүйесі

68




  1. Түсіндірме жазба

Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы) сәйкес әзірленді.


«Кәсіби ағылшын тілі» пәні - студенттердің аудирлеу және сөйлеу тілінің академиялық дағдыларын қалыптастырады. Аудио ақпарт және оқытушы басшылығымен тез жазу арқылы аудирлеуді дамыту аудирлеу бөлімінің негізі болып табылады. Айтылу компоненті айтылуды жақсарту бойынша негізгі дағдылар мен стратегияларды тұспалдайды. Осы деңгейде лингвистикалық терминология пайдаланылады. Грамматика аудирлеу дағдыларын және сөйлеу тілін қолдау үшін енгізілді.
Модульдердің жалпы саны: 29
Сағаттар саны: 320
Кредиттер саны: 8.0
«Кәсіби ағылшын тілі» пәнінің бағдарламасы білім ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Жұмыс білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде білім ұйымы, жұмыс берушілердің және жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін, аймақтық компонентті жүргізу бөліміндегі бағдарламалық материалды оқу жүйелігіне негізделген өзгерістерді енгізуге құқығы бар.
Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқытудың жаңа технологияларын, электрондық оқу құралдарын, аудио және видео материалдарды, әдістемелік көрнекті құралдарды қолдану, сондай-ақ әртүрлі формаларды, оқу процесінің ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.
Бағдарламаны сәтті меңгеру үшін теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық семинарлармен алмастыру қарастырылады.
«Ағылшын тілі» пәнімен пәнаралық бірлесу студенттердің оқып үйренетін пәнін мамандық, келешек еңбек қызметі масштабтарында толық қабылдауын қалыптастырады, әртүрлі оқу бағдарламаларының өзара байланыстарын түсінуге көмектеседі.

2. Курстың мазмұны


Модуль 1. Кешірімдер


Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Кешірімдерді, жолданымдарды, тыныш бақыланбалы формада өкініштерді және ақтауларды білдіре білу.


Модуль тапсырмалары:

    1. Әртүрлі жағдайларда кешірім сұрау

    2. Өтінішпен сыпайы жолдану

    3. Әртүрлі жағдайларда тиісті өкініш сөздерін айта білу

    4. Әртүрлі жағдайларда тиісті ақтала білу

    5. Буындарды тиісті ұяңдаумен және буын ұзындығымен айту

    6. Төл және төлеу сөздерді пайдалану



Модуль 2. Түсінікті жауаптар


Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Кешірімдерге, жолданымдарға, тыныш бақыланбалы формадағы өкініштерге және ақтауларға ауызша жауаптар.


Модуль тапсырмалары:
2.1. Әртүрлі жағдайларда кешірімдерге жауап беру
2.2. Жүгінуге тиісті жауап беру

    1. Әртүрлі жағдайларда өкініш сөздеріне тиісті жауап беру

    2. Әртүрлі жағдайларда ақталуларға тиісті жауап беру

    3. Кешірімдерді, өкініштерді және ақтауларды тиянақты қабылдамау



Модуль 3. Кездесуді белгілеу


Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Тікелей ауызша байланыс арқылы кездесуді белгілеу немесе шарттарын анықтау.


Модуль тапсырмалары:
3.1. Дәл сол уақытта тиісті түрде әңгімені (телефон/көзбе-көз) бастау
3.2. Әңгіменің тақырыбын өзгертуге әкелетін өтпелі сөздерді пайдалану
3.3. Кездесуді белгілеу немесе ол туралы келісу үшін қажетті бастапқы ақпаратты жинақтау
3.4. Кездесуді белгілеу немесе ол туралы келісу үшін сұрақтар қою
3.5. Кездесуден бас тарта білу
3.6. Әңгіме соңында кездесуді немесе кездесу шарттарын растау
3.7. Тиісті түрде әңгімені аяқтау


Модуль 4. Әңгімені басқару


Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Берілген уақыт шеңберіндегі қызмет деңгейінде келіссөздер жүргізу техникасын қолдану.


Модуль тапсырмалары:

    1. Әңгімені орынды үзу

    2. Әңгіме тақырыбын анық және қысқаша түрде ұсыну

    3. Ауызша қарым-қатынаста тиісті түрде жауап қайтару

    4. Әңгіменің тақырыбын өзгерту немесе тақырыпқа қайта оралу мақсатында әртүрлі өтпелі сөздерді пайдалану

    5. Әңгімені лайықты түрде аяқтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет