Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет98/191
Дата19.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#95340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   191
Байланысты:
2-Мұнай-және-газ-өндіру-технологиясы-

Бағалау шкаласы

Пайыздық баға

Әріптік баға

Балдық баға

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0 Ең төменгі өту балы

0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Бұрғылау технологиясы

Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы


Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог

Астана 2012ж.


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.


№____хаттама2012ж. «___» _____

ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков




Мазмұны
бет










1.

Түсіндірме жазба

184

2.

Курстың мазмұны

185

3.

Оқыту әдістері

189

4.

Оқыту ресурстары

189

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

189

6.

Курсты бағалау жүйесі

189


  1. Түсіндірме жазба

Оқытудың эксперименталдық бағдарламасы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған. (ҚР Үкіметінің 2012ж 23 тамыздағы № 1080 қаулысы)


«Бұрғылау технологиясы» жобалау принциптерін, ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі қолданылатын технологиялық амалдарды; бұрғылау бағдарламасын дайындауды, мемлекеттік реттеу және есептерді қамтиды.
Модульдердің жалпы саны: 15
Сағат саны: 60
Кредиттер саны: 1.5
«Бұрғылау технологиясы» эксперименталдi бiлiм беретiн пәннiң бағдарламасы кәсіптік білім беру бағдарламасының негізін құрайды.
Кәсіптік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымы бағдарламаға жергілікті жағдайды, аумақтық компонентті ескере отырып, орындалу кезегіне негізделген өзгертулерді енгізе алады.
Жұмыстық бағдарламаны орындау кезінде лекцияларын, сыныптағы талқылауын, компьютердегі презентациясын, тәуелсіз оқытуын, басқару нұсқауын тиімді пайдаланып, оқу үрдісін ұйымдастыруда және бақылауда әр түрлі әдістерді қолдану ұсынылады.
Бағдарламаны дұрыс меңгерілуі үшін теориялық (лекциялар) сабақтар мен зертханалық- практикалық сабақтар, семинарлар кезектестірілуі керек.
«Гидравликалық қысымы мен бұрғылау ерітінділері», «Мұнай газ секторында ЭЕМ-ді қолдану», «Мұнай өндірудің технологиясы І» пәндер арасындағы пәнаралық байланыстардың мысалы арқасында студенттердің әр түрлі пәндер бойынша бағдарламалардың өзара байланысын түсіну болашақ мамандықтарына қажетті білім мен біліктілікті меңгеруге көмектеседі.

2. Курстың мазмұны


Модуль 1. Ұңғыманы бұрғылау жоспары І


Оқудың нәтижесі (білім мен білік):
Қарапайым ұңғымалардағы жұмысты жоспарлау үшін қажетті деректерді анықтау, ерекше деректердің көздерін анықтай білу. Бұрғылау бағдарламасының техникалық шарттарын анықтау және өзіңізге белгілі деректер бойынша бағдарламаның кейбір бөліктерін құрастыру.


Модуль тапсырмалары:
1.1 Ұңғымалардағы жұмысты жоспарлау үшін қажетті деректерді анықтау және бірнеше ақпарат көздерінен қажетті қолжетімді ақпаратты жинай білу.
1.2 Бұрғылау бағдарламасын жасау үшін ақпарат көздерінен жиналған деректерді қолдана отырып, жұмыс тізбегін құрастыру.


Модуль 2. Бұрғылық қашау


Оқудың нәтижесі (білім мен білік):
Бұрғылау қаптамалардың түрлерін бағалау, қашауға түсірілетін кірістік жүктеме параметрлері мен минуттағы айналым санын есептеу, ИСМ қашауының бүліну механизмі мен өндіріс жайлы баяндау.


Модуль тапсырмалары:
2.1 Үш шарлы конустық қашаудың жұмыс сапасына әсері.
2.2 Белгілі жыныстарды бұрғылау кезіндегі қашауға түсетін алғашқы жүктеме (ҚтАЖ-ННД) және бір минуттағы айналым саны (МАС-ВвМ).
2.3 ИСМ қашаудың жалпы конструкциясын (поликристалды синтетикалық алмазбен өңделген қаптама) және жынысты бұрғылау техникасын сипаттау.


Модуль 3. Бұрғылау қашауын таңдау


Оқудың нәтижесі (білім мен білік):
Қашаудың жұмыс көрсеткішіне, әр түрлі литология типіне байланысты қашаудың түрлері туралы баяндау, қашауды таңдауды оптималдандыру үшін жинақталған деректерді қолдану, қашаудың жұмысына байланысты классификациялар жүйесін құрастыру.


Модуль тапсырмалары:
3.1 Әр түрлі жыныстарды бұрғылау үшін қажетті қашау түрін таңдап алу.
3.2 Қашауды таңдауды оптималдандыру үшін жинақталған деректерді қолдану арқылы жыныстарды бұрғылау.
3.3 Қашаудың жұмысына байланысты классификациялар жүйесін баяндау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет