Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
8
Мектеп тренерлері тыңдаушыларға белсенді қатысуды талап ететін, олардың талаптары мен
қызығушылықтарына жауап беретін тапсырма ұсынады. Қандай жұмыс түрі қолданылатынына
қарамастан, әріптестермен және/немесе мектеп тренерімен талқылауға үнемі мүмкіндік
беріледі. Мектеп тренерлері мұғалімдерге әртүрлі бағытта, тереңнен немесе сын тұрғысынан
ойлануға көмектесу үшін олардың тапсырмаларына және берген жауаптарына байланысты-
ра сұрақ қояды. Тыңдаушылардың бір-біріне шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
қабілетін дамытатын сұрақ қоюы ынталандырылады. Мұғалімдерге оқылым, талқылау және
зерттеу арқылы өз идеяларын жүзеге асыру ұсынылады.
Мектеп тренерлері оқыту мен оқу қағидаттары, стандарттары мен теориялары жұмыс
әдістерін дамытуға және өзгертуге көмектесе алатынын біледі.
Бағдарламаны жүзеге асыруда мектеп тренерлері оқыту мен оқу туралы заманауи идея-
ларды түсінетіндігін көрсетеді. Олар мұғалімдерге оқу әдістері мен тәсілдерін жақсылап
ойластырып (зерттеп) өзгерту оқушылардың оқу үдерісіне жағымды әсер ететінін түсінуге
көмектеседі. Мектеп тренерлері алдағы тәжірибелік қызметтерінде пайдалы болу үшін
мұғалімдердің белгілі бір қағидаттарды, құрылым мен теорияларды қолдануды ойластырып,
оның нәтижелерін талқылауын көтермелейді. Олар мұғалімдерге өзгеріс енгізу қажеттігі мен
талап етілетін өзгерістерді бағамдау тәсілдерін анықтау үшін осы қағидаттарды, құрылым мен
теорияларды пайдалануды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: