Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет9/61
Дата25.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#127289
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Бағамдау әдістері
Мектеп тренерлері өздерінің жұмыс әдістерін дамытып жетілдіру үшін оқыту мен 
оқуды бағамдауды жоспарлайды және дайындалады. Әртүрлі дереккөздерден алынатын 
ақпаратты талдай отырып, зерттеу жоспары мен оның іске асырылуын бағамдайды.
Оқытудың тиімділігін бағамдау кез-келген оқыту шарасының маңызды бөлігі болып та- 
былады. Бағамдау тәсілдері алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы тәжірибені 
дамытуға ықпал ету үшін қолданылады. Сондықтан ол жиынтықтан гөрі, қалыптастырушы 
үдеріс болып табылады. Бағамдау төмендегі жаттығу түрлерінен тұрады:

сабақтың соңында мұғалімдерден стикерге өз пікірін жазуды сұрау. Оларды «оқуда 
маған көмектескен тиімді іс-шаралар» және «менің оқуым барынша табысты болу үшін нені 
өзгерту керек» деген санаттарға топтастыруға болады;

мұғалімдерге нақты жаттығуды орындау кезінде немесе ол аяқталған соң бірден ол ту- 
ралы сұрақ қойылады;

мұғалімдерден оқуы туралы есеп жазу немесе оқу соңында болмаса аптаның соңында 
өз бейнесін салу сұралады.
Бағамдаудың қандай тәсілі пайдаланатынына қарамастан, мектеп тренерлері мұғалімдердің 
жауаптарын талдап, алынған деректерді алдағы кәсіби дамуды жоспарлауға негіз ретінде 
пайдаланады. Мұғалімдер олардың пікірі назарға алынғанын үнемі біліп жүруі үшін мектеп 
тренерлері тыңдаушылардың бағамдауы мен кері байланысының нәтижесінде қандай шара 
қабылданғанын түсіндіреді.
Курстың соңына қарай мектеп тренерлері Бағдарламаның жүзеге асуын сыни бағалау 
үшін және оқытуды жақсарту үшін қандай шара қабылдау керектігін шешу мақсатында 
жинақталған бағалау деректерін пайдаланады.
Мектеп тренерлері әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып
өзінің оқуы мен тәжірибесі туралы ойланып, оны бағамдайды. Олар бағамдау нәтижелерін 
болашақта оқу бағдарламаларын, тыңдаушылардың білім алу үдерісін және өзінің жұмыс 
әдістерін жетілдіруді жоспарлауда пайдаланады.
Мектеп тренерлері курс өткізу барысында не білгені туралы ойланады. Жаңа білім
мысалы:

кәсіби даму бағдарламасын жүзеге асыру;

мұғалімдердің тәжірибесі мен қабілеттері;

тыңдаушыларды тиімді оқыту және оқу;

мұғалімдердің кәсіби даму үдерісі және т.б. мәселелерге қатысты болуы мүмкін.
Жоғарыда сипатталған бағамдау шараларына қосымша мектеп тренерлері тренер ретіндегі 
өз тәжірибесін бағамдайды. Мысалы, мұғалімдерден олардың білімді қалай қабылдағанын


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
12
анықтауға көмектесетін сауалнама толтыруды немесе сұхбат беруді сұрауға болады. Мектеп 
тренерлері бұл ақпаратты өздерін тренер ретінде түсініп, дамыту үшін қолданады.
Мектеп тренерлері алдағы уақытта өзінің жұмыс тәжірибесін жетілдіру үшін тренер 
ретіндегі өзі туралы және кәсіби даму бағдарламасының тиімділігі туралы білімін пайдала- 
нады. Олар:

өздерінің мұғалімдермен қарым-қатынасын;

жаттығулар мен ресуртардың лайықтылығын;

оқуға арналған материалдың қамтылуын;

сабақтардың құрылымын;

оқыту әдістері мен тәсілдерін;

қарым-қатынастың тиімділігін;

ұсынылған қолдаудың жеткіліктілігін;

бағалау үдерісінің дұрыстығын, ақиқаттылығы мен негізділігін және т.б. зерделейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет