Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру



Pdf көрінісі
бет7/61
Дата25.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#127289
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру
Мектеп тренерлері теңдік, айырмашылықтарды құрметтеу және мүмкіндіктерді іске 
асыру ұғымдарын қалайша алға жылжытып, оларды тәжірибеде қалай пайдалану керектігін 
біледі.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының барлық оқушыларының оқу ортасын жақсартуға 
бағытталған. Сондықтан, Бағдарлама аясында жүргізілетін жұмыстар мен пікірталас- 
талқылаулардың барлық түрлері теңдік, айырмашылықтарды құрметтеу және мүмкіндіктерді 
іске асыру қағидаттарына негізделеді. Оқыту мен оқудың барлық аспектілері барлық оқушылар 
бірдей құнды, келешегі зор және дамуға қабілетті деген ұстанымға негізделеді. Мектеп 
тренерлері әртүрлі оқушылар топтарын талқылауда сөздерді сақтықпен таңдай отырып, 
мұғалімдерге өздерінің оқушылардың әртүрлі топтарына деген көзқарасын сын тұрғысынан 
қарастыруға ынталандырады. Мұғалімдер барлық оқушылардың қазіргі кездегі деңгейінен ба- 
рынша жоғары деңгейге көтеріле алатынына сене ме? Олар тереңдетіп оқытуды ынталандыру 
барлық оқушылар үшін маңызды деп санай ма?
Мектеп тренерлері оқушылар өз әлеуеттерін толығымен ашу үшін оларға үлкен үміт 
арту керектігі неліктен маңызды екенін біледі.
Оқыту шаралары барлық оқушылар белгілі бір қолдау көрсетілген жағдайда қазіргі 
кезеңдегіден әлдеқайда жоғары деңгейге көтеріле алады деген алғышартқа негізделген. 
Мектеп тренерлері барлық қағидаттарды, әдістер мен тәсілдерді тыңдаушылардың әлеуетін 
ашу тұрғысынан қарастыратын сынып жұмысын жоспарлайды. Олар сонымен бірге осы 
Бағдарламаға қатысушы ретінде мұғалімдерге үлкен үміт артып, олар кәсіби шеберлік 
тұрғысынан өсіп, курсты табысты аяқтайды деп күтеді. Мектеп тренерлері тыңдаушылар 
жұмысын назарда ұстап, жекелеген тыңдаушыларға курсқа қызығушылықпен әрі терең негізде 
қатысуға және тапсырма орындау сапасын арттыруға көмектесе отырып, қажетті қолдау 
көрсетеді.
Мектеп тренерлері білім алу үдерісі шектеусіз жүретін біріктіруші және ынталанды- 
рушы оқу ортасын қалыптастырады. Олар барлық тыңдаушыларды қызықтыратын және 
қатысуға шақыратын оқыту мен оқудың көптеген әдіс-тәсілдерін қолданады.
Мектеп тренерлері әрбір мұғалім барлық оқыту шараларына қатысуға мүмкіндік алуын 
қадағалап отырады. Олар барлығы қатыса алатын және мұғалімдерге әртүрлі деңгейде жұмыс 
істеуге мүмкіндік беретін тапсырма әзірлейді. Қосымша ресурстар барлық тыңдаушыларға та-


Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
9
ратылады. Мектеп тренерлері кей мұғалімдерге тапсырмалардың жеке түрлері немесе қолдау 
қажет екенін түсінеді және оны қамтамасыз етуге тырысады. Мектеп тренерлері Бағдарламаға 
қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі жұмыс бағыттарын таңдап, 
әртүрлі нәтиже күтуі мүмкін. Мұғалімдердің жүктемесі жеткіліксіз деп санаса, қосымша тап- 
сырма ұсынып, мұғалім жаттығуды қалай орындау керектігін толық түсінбеген жағдайда оған 
қолдау көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет