2-сурет. "Жоспарлау-Орындау-Тексеру-Шаралар қабылдау"
циклі
ЭЫДҰ-ның мектептерді бағалауды талдауы және «
Жақсы оқыту үшін синергиялар - бағалау
мен бағалаудың халықаралық көзқарас» халықаралық бағалау жүйесі бойынша мектептер келесі
әрекеттерді орындай алады:
-
Жоспарлау кезеңінде мектеп: күшті
және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіптерге
талдау (SWOT талдау) жүргізе алады; даму тұжырымдамасын/миссия
әзірлей алады;
мақсаттар
қоя алады; тиімділік көрсеткіштерін: нақты, өлшенетін, қол жеткізуге болатын,
нақты және белгілі бір уақыт аралығымен шектелген (SMART) әзірлей алады;
функционалдық құрылымдық коммуникацияны орната алады; жоспарға жан-жақты қолдау
көрсете алады; сондай-ақ, жоспарды қаржыландыра алады және педагогтерді тиімді
бөлістіріп ұйымдастыра алады;
-
Орындау кезеңінде мектеп жоспарды жүзеге асырады
және білім беру басшылығын
қамтамасыз ете алады; түрлі саясат пен стратегияларды қолдана алады;
қызмет жоспарын
жасай алады; кәсіби мәдениетке ықпал ете алады; ішкі және сыртқы өзара іс-қимылды
қамтамасыз ете алады;
-
Тексеру кезеңінде мектеп жоспарды бағалайды және бағалау процесіне іштей және сырттай
қатысуды қамтамасыз ете алады; мониторингті қолдана алады; деректерді талдай алады;
бағалау үшін тиімділік көрсеткіштері мен нормативтік құралдарды әзірлей алады; мұғалімдер
мен оқушылардың жетілдіру жоспарына қанағаттануын талдай алады; білім беру процесіне
қатысушылар үшін нәтижелер
туралы есеп жасай алады;
-
Достарыңызбен бөлісу: