Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
 
 
 
 


КІРІСПЕ 
Қазақстан Республикасының білім беру саясатының қағидаттарына сәйкес білім сапасын 
қамтамасыз ету үшін білім беруді мемлекеттік және қоғамдық басқару жүзеге асырылады. Үлкен 
тәуелсіздік жағдайында, мектептің өзіне көптеген құқықтар мен өкілеттіктерді беру кезінде, 
демек, оның жауапкершілігін арттыру кезінде мектепішілік басқарудың бақылау-
диагностикалық функциясы мұғалім мен оқушының қызметін ынталандыру үшін ерекше орын 
алуы тиіс. Мектептегі әкімшілік және қоғамдық бақылаудың педагогикалық процестің әрбір 
қатысушысының өзін-өзі талдауы, өзін-өзі бақылауы және өзін-өзі бағалауымен үйлесуі мектеп 
жұмысына тән тәжірибе. Өзін-өзі басқару тәсіліне көшу барысында мектептің қызметін бағалау 
мектептің әдеттегі жұмысы, оның кәсіби қызметінің бір бөлігі болуы қажет. 
Мұғалімнің жұмысының сапасы, оқушылардың білімі, олардың тәрбиесі сапаны 
басқарудың кешенді мақсатты бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті мектепішілік 
басқарудың тиімділігі тұрғысынан зерттеліп, бағалануы мүмкін.
"Мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі" модулінде мектептің 
инновациялық қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында бақылау, зерделеу, тексеру, мониторинг 
(қандай да бір құбылыстарды немесе объектілерді қадағалау), ақпарат жинау және өңдеу, оны 
талдау, жүйелеу, жүйенің жай-күйін анықтау ретінде айқындалатын мектепішілік бақылау 
мәселелері қарастырылады. 
 
Модульдің мақсаты: басшылардың мектепішілік бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру 
және іске асыру, білім беру процесінің сапасын мониторингілеу дағдыларын дамыту. 
 
Күтілетін нәтиже:
Тыңдаушылар 
1) мектепішілік бақылауды және білім беру процесінің сапасын мониторингілеуді 
жоспарлау ерекшеліктерін, ұйымдастыру және іске асыру жолдарын айқындайды; 
2) мектепішілік бақылаудың мақсаттарына сәйкес деректер жинау құралдары мен әдістерін 
анықтайды; 
3) мектепішілік бақылау мен білім беру процесінің сапасына мониторинг жүргізудің 
қолданыстағы жоспарын жетілдіреді; 
4) білім беру процесінің сапасын мониторингілеу нәтижелерін бағалайды және мониторинг 
деректері негізінде басқарушылық шешім қабылдау әдістерін таңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет