Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері Мектепішілік бақылаудың мақсаттары: а) мектептегі педагогикалық процестің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік білім беру
стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу;
ә) оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін,
денсаулық жағдайын ескере отырып, білім беру процесін одан әрі жетілдіру.
МІБ негізгі міндеттері:
-
білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзу
және орындамау жағдайларын анықтау және олардың алдын алу жөнінде шаралар
қабылдау;
-
педагог қызметкерлер қызметінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау;
-
білім беру процесін ұйымдастырудағы жағымсыз және оң үрдістерді анықтау және оларды
жою мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-
мектептегі бұйрықтар мен өкімдерді іске асыру нәтижелерін талдау;
-
педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Мектепішілік бақылаудың функциялары: Диагностикалық функция: бақылау белгілі бір критерий бойынша педагогикалық процесті
диагностикалайды, оның барлық қатысушылары жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін
ашады.
Ақпараттық функция: бақылау - жоспарланған нәтижелермен байланысқан кездегі қызмет
нәтижелерін талдау, әкімшіліктің, педагогикалық және оқушылар топтарының жұмысын түзету,
таңдалған стратегияға сәйкес іс-әрекеттің одан әрі тактикасын анықтау үшін қажетті ақпарат көзі.
Ынталандыру (мотивациялық) функция: бақылау оқушыларды оқу нәтижелерін
жақсартуға, мұғалімдерді оқу процесін жүзеге асырудың формалары мен әдістерін жетілдіруге
ынталандырады; бақылау мұғалімдер мен оқушылардың оқуда жақсы көрсеткіштерге жетуге
деген жалпы ұмтылысын ынталандырады.
Коммуникативтік функция: бақылау өзара қарым-қатынастағы коммуникативтік
буындардың бірі болып табылады (оқушылар мен мұғалімдер; мұғалімдер мен мектеп
директоры; оқушылар, мұғалімдер мен басшылар), жүйеленген бақылау педагогикалық
процестің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуінің үздіксіз процесін қамтамасыз етеді.
Интеграциялық функция:бақылау жалпы мақсатқа жету үшін жұмыс кемшіліктерін жою
кезінде педагогикалық процестің барлық қатысушыларының күш-жігерін біріктіреді.
Мектепішілік бақылау: Мазмұны бойынша бұл педагогтің өз міндетін орындау барысы мен нәтижелері туралы
кері байланыс алу (оқушылардың оқу-танымдық әрекеті және педагогтардың оқу-тәрбие
жұмысы және т.б.);
формасы бойынша бұл объектінің (білім беру процесінің, оқушылардың оқу-танымдық
іс-әрекетінің және т.б.) жай-күйін тексеруге бағытталған дербес басқарушылық функция;
мақсаты бойынша - алынған ақпаратты талдау негізінде басқару шешімдерін қабылдауға
негіз болып табылады.