Мектепішілік бақылау нәтижелері: -
талдамадық анықтамасы, МІБ нәтижелері туралы анықтама немесе бақыланған мәселе
бойынша істің жай-күйі туралы баяндама түрінде ресімделеді;
-
жиналыстарда,
пәндік-әдістемелік
бірлестіктерде,
педагогикалық
кеңесте
қызметкерлерге жеткізіледі.
Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда мәліметтердің сенімділігіне, оны талдауға
ерекше назар аудару керек, өйткені, дәл осы өңделген мәліметтер мектеп басшысының басқару
шешімдерін қабылдауына негіз болады. Топ мүшелерін мектепішілік бақылауға тарту, бір
жағынан, мұғалімнің білім беру үдерісін бағалау мен талдаудағы құзыреттілігін қалыптастыруға
және дамытуға ықпал етеді, екінші жағынан, көшбасшылыққа ынталандырады. Сонымен қатар,
мұғалімнің жауапкершілігі артады. Бұл дағдылар өз кезегінде оқушылардың оқуын жақсартуға
ықпал етеді.
Педагогикалық бақылау жүйесін жетілдіру Мектепішілік бақылауды дамыту бағыттары Педагогикалық бақылау жүйесін жетілдіру бақылау процесіне білім беру қызметінің
барлық субъектілерін және мүдделі тұлғаларды (білім беруді басқару органдарын, басшыларды,
педагогтерді, оқушыларды, кәсіби қоғамдастықтарды, жұртшылықты) тарту бағытында; білім
беру ұйымдары қызметінің ерекшелігін көрсететін, қалыптастырылуы қиын параметрлерді
бағалау құралдары мен әдістерін дамыту бағытында шоғырланады.
Мектептегі бақылау қызметінің барлық бағыттарының тұжырымдамалық негізі мектеп
басшыларының тиімсіз әрекеттерді орындаудан бас тартып, кәсіби қызметтің мәніне жетуге
деген ұмтылысы болып табылады.
Мектепішілік бақылаудың жаңа бағыттарына мыналар жатады:
-
жеке тұлға жүзеге асыратын әкімшілік бақылаудан ұжымдық бақылау формаларына
ауыстыру;
-
өзін-өзі бақылау және өзара бақылау сияқты формаларды қолдану арқылы бақылаудың
сенімділігін кеңейту;
-
бақылаудың ашықтығын арттыру, мектеп ұжымы мүшелерінің бақылау құжаттамасына
қол жеткізу құқығы мен мүмкіндігіне ие болуы;
-
бақылау субъектілерінің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін, ең алдымен, әр түрлі жұмыс
бағыттары бойынша мектеп директорының орынбасарларына немесе бейінді кафедраларға,
мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктеріне және т.б. бақылау өкілеттіктерін беру есебінен
арттыру.