Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Мониторингті жүзеге асыру қадамдары



Pdf көрінісі
бет31/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Мониторингті жүзеге асыру қадамдары: 

қажетті ақпаратты жинау; 

ақпараттың дұрыстығы мен шынайылығын тексеру; 

ақпараттық материалдарды зерделеуге дайындау; 

зерттелетін объектінің сандық, сапалық және тиімді көрсеткіштерін зерттеу; 

есепті кезеңнің болжамды көрсеткіштерін жоспар, стандарттар мен алдыңғы кезең 
мәліметтерімен салыстыру; 

қорытынды шығару, яғни, зерттелетін объектінің жағдайы, өзгерісі және тиімділігі туралы 
қорытынды жасау.
Мектептегі мониторингтің бағыттары

Дидактикалық бақылау. Оқу процесінің әртүрлі жақтарын бақылау. 



Тәрбие мониторингі . Тәрбие-білім беру процесінің бағыттарын қадағалау. 

Басқару мониторингі. Жүйелердегі әртүрлі басқарушылық деңгейлердегі өзара 
әрекеттесу сипатын бақылау: басшы – педагогикалық ұжым, басшы – оқушылық ұжым, 
басшы – ата-аналар ұжымы, басшы – мектеп ортасы, мұғалім – оқушылар, мұғалім-
отбасы. 

Әлеуметтік-психологиялық мониторинг. Ұжымдық - топтық, жеке қатынастар жүйесін, 
ұжымның, топтардың психологиялық атмосферасының сипатын қадағалау. 
Мектептегі тәжірибені талдау көрсеткендей, көптеген мектептерде мониторинг 
мектепішілік бақылаудан «өрбиді», бұл ақпараттық мониторинг негізінде мектептегі білім 
сапасын басқарудың тұтас процесін жобалаудың «өсу нүктесіне» айналды. 
 
 
6-сурет. Білім берудегі мониторинг 
 
Педагогикалық мониторинг - білім беру жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі мен өзіндік 
даму тенденцияларының сапалық және сандық сипаттамаларының жүйелік диагностикасы. 
Мұнда оның мақсаты, мазмұны, формалары, әдістері, дидактикалық және техникалық құралдары, 
оқытудың шарттары мен нәтижелері, жеке тұлғаны және ұжымды тәрбиелеу және өзін-өзі 
дамыту қоса қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет