-
Тәрбие мониторингі . Тәрбие-білім беру процесінің бағыттарын қадағалау.
-
Басқару мониторингі. Жүйелердегі әртүрлі басқарушылық деңгейлердегі өзара
әрекеттесу сипатын бақылау: басшы – педагогикалық ұжым, басшы – оқушылық ұжым,
басшы – ата-аналар ұжымы, басшы – мектеп ортасы, мұғалім – оқушылар, мұғалім-
отбасы.
-
Әлеуметтік-психологиялық мониторинг. Ұжымдық - топтық, жеке қатынастар жүйесін,
ұжымның, топтардың психологиялық атмосферасының сипатын қадағалау.
Мектептегі тәжірибені талдау көрсеткендей, көптеген мектептерде мониторинг
мектепішілік бақылаудан «өрбиді», бұл ақпараттық мониторинг негізінде мектептегі білім
сапасын басқарудың тұтас процесін жобалаудың «өсу нүктесіне» айналды.
6-сурет. Білім берудегі мониторинг
Педагогикалық мониторинг - білім беру жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі мен өзіндік
даму тенденцияларының сапалық және сандық сипаттамаларының жүйелік диагностикасы.
Мұнда оның мақсаты, мазмұны, формалары, әдістері, дидактикалық және техникалық құралдары,
оқытудың шарттары мен нәтижелері, жеке тұлғаны және ұжымды тәрбиелеу және өзін-өзі
дамыту қоса қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: