Индикаторлар бойынша мәліметтер мен есептілікті Министрлікке жыл сайын облыстық,
Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, жоғары оқу орындары және республикалық
білім беру ұйымдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректерді жинақтауға
арналған нысандар мен мерзімдерге сәйкес ұсынады.
Министрлік білім беру мониторингінің қорытындыларын шығаруды жыл сайын:
-
есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұлттық жинақ түрінде;
-
есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан
Республикасының білім
беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама түрінде жүзеге асырады.
(сілтеме «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығы).
Қазіргі білім беру жүйесінде мониторинг әртүрлі деңгейлерде жүргізіледі, тиісінше, осы
деңгейлердің әрқайсысында
белгілі бір мақсат белгіленіп, мониторингтің белгілі бір
объектілері таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: