жоғары технологиялы қоғамдағы өмірге дайындау; үздіксіз білім беру үшін қалыптасқан базаның
болуы, өмірлік мәселелерді шеше білу және т.б.
Білім беру сапасы көрсеткіштерінің қалған топтарына
педагогика ғылымындағы және
практикасындағы озық тәжірибені қолданудың ерекшеліктері, білім беруді қаржыландыру
көлемі, кадрлар, ақпараттық, материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жатады.
Қосымша көрсеткіштер. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін білім сапасын бағалау
кезінде елдің, өңірдің,
облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын,
ұлттық үдерістердің салдары болып табылатын және білім сапасымен байланысты қосымша
көрсеткіштерге назар аудару қажет.
Оларға мыналарды жатқызуға болады: адам потнциалының дамуының индексі (сауатты
ересек аламлардың пайыздық үлесі, ересек адамдардың көп бөлігі үшін міндетті түрде оқыған
жылдарының саны, 1000 адамға шаққандағы жоғары білімді адамдар саны);
өңірдегі
экономикалық динамиканың жалпыланған сипаттамалары; аудандағы қылмыстық жағдайдың
сипаттамасы және тағысын тағылар.
Достарыңызбен бөлісу: