Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Білім сапасына әсер ететін көрсеткіштерді құрылымдау



Pdf көрінісі
бет47/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Білім сапасына әсер ететін көрсеткіштерді құрылымдау. Білім сапасына әсер ететін 
барлық көрсеткіштерді әртүрлі негіздерге байланысты топтарға бөлуге болады. Атап айтқанда, 
уақыт өтумен байланысты өзгермейтін немесе аз өзгеретін факторлар ажыратылады (мектептің 
географиялық орны, оның қалада немесе ауылда орналасуы, қаланың белгілі бір ауданында 
орналасуы, білім беру мекемесінің әлеуметтік-экономикалық ортасы немесе өңірдің әлеуметтік-
экономикалық сипаттамалары және т.б.) және динамикалық өзгерістерге ұшырайтын факторлар. 
(мұғалімдер құрамы, қосымша білім берудің формалары мен әдістері, оқушылардың ата-
аналарының қамтамасыз етілу деңгейі, олардың әлеуметтік жағдайы, тұрғындар арасындағы 
көші-қон үдерістері және т.б.) 
Көрсеткіштер білім беру органдарының тарапынан болатын ықпалға бейімделген және 
басқарушылық ықпалға тәуелді емес өзгермейтін болып бөлінеді. Мысалы, бірінші топқа 
педагогика ғылымы мен практикасындағы озық тәжірибені қолдану, білім беруді қаржыландыру 
көлемі, кадрлар, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету кіреді. Екінші топқа 
оқушылар ата-аналарының қамтамасыз етілу деңгейі, олардың әлеуметтік жағдайы, ел 
тұрғындары арасындағы көші-қон үдерістері кіреді: 
 
Мектептегі ақпарат түрлері
Мектеп жұмыс барсында көптеген ақпарат жинайды.
Мектептің инновациялық қызметін мониторингілеу аясында қарастырылатын ақпарат 
қандай талаптарға сай болуы керек?
Басқару ақпаратының сапасына қойылатын талаптар: 
Объективтілік - ақпарат істің нақты жағдайын көрсетуі керек (зерттеушінің немесе басқа 
тұлғалардың істің жай-күйіне қатысты пікірін емес). 
Дәлдік - өлшеу қателіктері минималды болуы керек. 
Толықтық – ақпарат көздері нәтижелерді алудың мүмкін болатын өрісін жабуы немесе оны 
дұрыс ұсынуы керек (мектептегі жағдай туралы тек білім беру үдерісіне қатысушылардың шағын 
тобының сауалнамасы негізінде қорытынды жасауға болмайды). 
Жеткіліктілік - ақпарат көлемі негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беруі тиіс 
(мониторинг жүргізу кезінде жеткіліксіз және артық ақпарат алу қаупін болдырмау маңызды).
Жүйелілік (құрылымдылық)– әр түрлі дереккөздерден алынған ақпарат жалпы мәнге 
келтірілуі керек. 
Жалпылаудың оңтайлылығы - ақпаратты пайдаланушылардың әртүрлі топтарының 
сұраныстарына сәйкес келетін түрдегі ақпарат ұсынылуы керек. 
Жеделдік - ақпарат уақтылы болуы тиіс. 
Қолжетімділік – мониторинг бағдарламасы бағдарланған ақпарат нақты қолжетімді болуы 
тиіс, ал мониторинг нәтижесінде алынуы мүмкін ақпарат шешуді талап ететін нақты 
проблемаларды көруге мүмкіндік беретін нысанда ұсынылуы тиіс. 


Мектепте ақпаратты жинау және жүйелеу үшін келесі құралды қолдануға болады: 
"Мониторинг деректерін жинау жүйесі" (8-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет