Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Оқытушы көшбасшылық / Лидерство обучающее / Instructional leadership



бет22/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Оқытушы көшбасшылық / Лидерство обучающее / Instructional leadership - мектепте оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында мектеп директоры қабылдайтын немесе мектеп қоғамдастығының басқа мүшелеріне жүктейтін іс-шаралар кешенін болжайтын көшбасшылық түрі. Оқытушы көшбасшылық оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында анық мақсат қоюды, оқубағдарламасын басқаруды, сабақты жоспарлаудың мониторингін жүргізуді, ресурстарды анықтап, мұғалім жұмысына эвалюация жүргізуді көздейді.



Тиімді мектеп басшылығы бюджеттік жоспарлау, бөлмелерді күтіп ұстау сияқты дәстүрлі мектеп басшылығының міндеттерін оқыту мен оқудың нақты аспектілеріне терең араласумен үйлестіруі керек. Тиімді мектеп басшылары мектеп оқушыларының үлгеріміне тікелей әсер ететін оқу мәселелерін шешуге белсенді қатысады (Cotton, 2003). Басшылар басқа міндеттерді назардан тыс қалдыра алмаса да, сабақ беру және оқыту, оқытудың сапасын қамтамасыз ету жоспарланған уақыттың көп бөлігін алатын сала болуы керек. Сабақтарды бақылау және кері байланыс жасау - мектеп директорының халықаралық тәжірибесінде кездесетін тәжірибе.


Сабақты бақылау модельдері
Сабақты бақылау модельдерін қарастырайық: оқыту сапасы туралы пікір білдіруге арналған басқару моделі; сабақ беру мен оқытуды дамытуға көмектесетін дамыту моделі және сабақ беру мен оқытуды жақсартуға арналған "теңбе-тең" сараптамалық бағалау моделі. Төменде 6-кестеде осы модельдердің негізгі сипаттамалары көрсетілген.
6-кесте. Бақылау модельдерінің сипаттамалары.

Сипаттамасы

Басқару моделі

Дамыту моделі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет