Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет2/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Модульдің мақсаты: басшылардың мектепішілік бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру, білім беру процесінің сапасын мониторингілеу дағдыларын дамыту.


Күтілетін нәтиже:
Тыңдаушылар
1) мектепішілік бақылауды және білім беру процесінің сапасын мониторингілеуді жоспарлау ерекшеліктерін, ұйымдастыру және іске асыру жолдарын айқындайды;
2) мектепішілік бақылаудың мақсаттарына сәйкес деректер жинау құралдары мен әдістерін анықтайды;
3) мектепішілік бақылау мен білім беру процесінің сапасына мониторинг жүргізудің қолданыстағы жоспарын жетілдіреді;
4) білім беру процесінің сапасын мониторингілеу нәтижелерін бағалайды және мониторинг деректері негізінде басқарушылық шешім қабылдау әдістерін таңдайды.


БАҚЫЛАУ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ


БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
Қазақстанда білім беру мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың басты бағыты алты салада шоғырланған: теңдік және сапа, білім алушыларды болашаққа дайындау, білім беру ұйымдарын жақсарту, бағалау жүйесін жетілдіру, басқару және қаржыландыру. Сапалы білім беру қазақстандық білім беру жүйесінің басым бағыты болып табылады. (Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы). Қазіргі жағдайда білім беру процесіне қатысушылардың қызметі білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізілген білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу жағдайларының нормативтік талаптарға, қоғамның және жеке тұлғалардың қажеттіліктеріне сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы.
Бақылау – басқарудың маңызды міндеттерінің бірі. Бақылау процесі стандарттарды (критерийлерді) орнатудан, қол жеткізілген нақты нәтижелерді өлшеуден және егер қол жеткізілген нәтижелер белгіленген стандарттардан айтарлықтай өзгеше болса, түзету әрекеттерінен тұрады.
Оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін ескере отырып, бақылаудың басқарушылық және педагогикалық мақсаттарын бөліп көрсетуге болады.
Басқару жүйесіне бірқатар міндет жүктеледі:

  • білім беру нәтижелерін бағалау – оқытудың бастапқы, ағымдағы және қорытынды деңгейіне диагностика жасау, жеке және топтық деңгейлерде қажетті құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін бағалау;

  • білімнің нақты деңгейін (нақты бақылау объектісі) талап етілетінімен (этолондық бақылау объектісі) салыстыру, проблемалық мәселелерді, білім сапасының төмендеуінің ықтимал себептері мен салдарын анықтау;

  • бақыланатын параметрлер бойынша ақпарат жинау, сақтау, өңдеу;

  • басшыларды, педагогтерді және білім алушыларды неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыру.

Бақылаудың мақсаты мен міндеттеріне байланысты оның функциялары анықталады.

  • Гностикалық (танымдық) функциясы. Басқару объектісі және оның өзгеру сипаты ретінде білім беру процесі туралы эмпирикалық мәліметтерді жинақтау зерттелетін педагогикалық құбылыстардың мәніне тереңірек үңілуге, білім беру қызметінің тиімділігін көрсететін факторларды анықтауға, ықпалын тигізетін факторлар мен білім беру нәтижелерінің өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бақылаудың гностикалық функциясы білім беру процесін ұйымдастыру тәжірибесінен алынған талданған, жүйеленген және жалпыланған бақылау деректерінің өздері зерттеушілердің, жетекшілердің және педагогтердің зерттеу нысанына айналуынан көрінеді. Бұл білім оларға өз іс-әрекеттерін талдауға негізді түрде қарауға, жақсы тәжірибені игеруге, оқу процесін ұйымдастырудағы кемшіліктердің себептерін көруге және түсінуге мүмкіндік береді.

  • Бақылаудың бағалау функциясы білім беру процесінің нақты жағдайын қадағалап көруге мүмкіндік береді. Бұл функция әрбір бағаланатын көрсеткіш бойынша бақылау нәтижелерін эталонмен салыстырудан, яғни, таңдап алынған көрсеткіштер жүйесі бойынша бақылау объектілері қасиеттерінің деңгейін алудан тұрады.

  • Бақылаудың реттеуші (ынталандырушы) функциясы бақылау арқылы басшыларды, педогогтерді және оқушыларды, сондай-ақ, бүкіл ұжымды өз қызметін жақсартуға ынталандырудан тұрады. Дұрыс ұйымдастырылған бақылау адамның жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, еңбек нәтижелеріне сыни көзқарасты дамытып, өнімді жұмыс істеу жолдарын іздеп табуға ұмтылдырады.

  • Бақылаудың ұйымдастырушылық функциясы белгіленген жоспарлар мен қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. Бақылау оқу, әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруды жақсартуға, оқу процесін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруге, оған қатысушылардың барлығының ұйымшылдығын арттыруға көмектеседі, оларды өз мүмкіндіктері мен уақытын ұтымды бөлістіріп, жоспарлы түрде бірізді жұмыс істеуге бағыттайды.

  • Бақылаудың интегративті функциясы оның негізін қалаушы қағидаттардан — бақылаудың жүйелілігі, толықтығы мен кешенді сипатынан туындайды. Бұл функция педагогикалық жүйенің барлық элементтері үшін бақылаудың барлық түрлері мен формаларын ұйымдастыру жалпы мақсатқа — жоғары сапалы білімге қол жеткізуге және қазіргі қоғамның білім беру ұйымына жүктеген міндеттерін шешуге бағытталуы керек екендігімен сипатталады.

  • Бақылаудың болжау функциясы оны жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалы қолданудың сипатын анықтайды. Білім беру ұйымын басқарудың стратегиялық мәселелерін шешудің сәттілігі көбінесе болжамдық модельдерді құру сапасымен анықталады, ал олардың жеткіліктілігі, өз кезегінде, бақылау жүйесінің тиімділігіне байланысты болады.

Педагогикалық бақылаудың жетекші қағидаттары:

  • білім беру ұйымындағы бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастырудың жүйелі тәсілін анықтайтын бірыңғай әдістемелік жүйе;

  • бақылау жүйесін жобалау кезіндегі педагогикалық мақсаттарға басымдық беру қағидаты. Бақылаудың түпкі мақсаты ақпарат жинау, стандарттарды белгілеу және проблемаларды анықтау емес, білім беру ұйымының әлеуметтік функциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

  • білім беру ұйымы қызметінің барлық жақтарын бағалауды қамтамасыз ететін кешенділік. Орынсыз басқару механизмі маңызды ақпаратты көрсетуден гөрі бүркемелеп, кері әсерін тигізуі мүмкін;

  • бақылаудың дер кезінде жүзеге асырылуы оның жиілігінде емес, бақыланатын нәрсеге қатысты уақыт аралығын дұрыс таңдауда болып табылады;

  • бақылаудың икемділігі; бақылау сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістерге сәйкес бейімделуі керек;

  • бақылаудың қарапайымдылығы; бақылау қарастырылатын мәселенің күрделілігіне сәйкес болуы тиіс. Қарапайым бақылау тәсілдері көп күш жұмылдыруды қажет етпей, көп нәрсені үнемдеуге мүмкіндік береді;

  • білім беру ұйымының басшылары мен қызметкерлерін, сондай-ақ, оқушыларды, олардың ата-аналарын және басқа да мүдделі тараптарды бақылау нәтижелері туралы хабардар етуді қамтитын бақылау нәтижелерінің қолжетімділігі.

Осы міндеттерді, функциялар мен қағидаттарды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету бақылауды жүзеге асырудың мазмұнына, әдістеріне, ұйымдастырушылық нысандары мен құралдарына қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.
Бұл талаптарға мыналар жатады:

  • білім беру жүйесінің барлық маңызды жақтарын бақылауды толық қамту (мазмұнның валидтілігі), бақылаудың әр түрлі формаларының үйлесімділігі. Бұл талап өлшенетін параметрлердің нені және не үшін бағалау қарастырылғанына сәйкестігін білдіреді;

  • бақылау мазмұнының білім беру қызметінің мазмұнына сәйкестігі (функционалдық сәйкестік). Бұл талап бақыланатын (өлшенетін) сипаттамаларды басқарылатын сипаттамаларға аудару қажеттілігін анықтайды. Бақылау үшін бақылаудың мағынасы жоқ, ол әрдайым білім беру процесін өзгерту (жетілдіру) жөніндегі қадамдарды жүзеге асырумен қатар жүруі керек;

  • критерийдің валидтілігі – өлшенетін көрсеткіштердің эталондық (қажетті) мәндерін негіздеудің жеткілікті деңгейі;

  • қабылданатын шешімдердің түрін ескеру білім беру ұйымын басқару жүйесіндегі бақылау функцияларын көрсетеді. Бұл талапты орындау қарапайым жағдайлар үшін бақылау рәсімдерінің негізсіз күрделенуіне жол бермеу үшін бақылаудың нақты деңгейі үшін және бақылау жүргізілетін нақты процесс үшін мүмкіндіктерге талдау жүргізу қажеттілігін білдіреді;

  • сенімділік - қайта бақылау кезінде нәтижелердің аса өзгеріссіз тұрақтылығын болжайды;

  • бақылау формалары мен әдістерінің мазмұны мен оны жүргізу жағдайларына сәйкестігі ешқандай өлшеу құралы әртүрлі объектілердің ұқсас параметрлері бойынша немесе олардың жұмыс істеуінің әртүрлі жағдайларында да бағалаудың бірдей дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ете алмайтындығына байланысты. Сондықтан, педагогикалық бақылаудың әмбебап модельдерін құру үшін әрдайым бақыланатын объектінің ерекшелігін және бақылау жүргізілетін жағдайларды ескеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет