Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет23/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
"Теңбе-тең"
моделі

Бақылаушы және
бақыланушы

Аға қызметкерлер басқаларды бақылайды

Білім беру бағдарламаларын әзіолеушілер немесе сарапшылар тәжірибеден өтушілерді бақылайды

Мұғалімдер бір-бірін бақылайды

Мақсаты

Тиімсіздікті, қызметте алға жылжуды, сапаны қамтамасыз етуді анықтау

Құзыреттілікті көрсету / педагогикалық құзыреттілікті жақсарту

Оқу/оқыту мәселелерін талқылау; өзін-өзі балдау және өзара бағалау

Нәтижелер

Есеп / шешімдер

Есеп / іс-шаралар жоспары

Талдау, талқылау, оқыту әдістерін кең тәжірибесі

Бақылаушының бақыланушыға қарым-қатынасы

Билік

Сараптамалық білім

Теңдік / өзара түсіністік

Қосу

Тағайындалған / таңдалған персонал

Таңдалған адамдар

Барлығы

Шешім

Өтті / өтпеді, ұпай, сапа бағасы, лайықты / лайықсыз

Қалай жақсартуға болады (даму бағыттары)

Бейтарап, сындарлы кері байланыс

Мыналар үшін пайдалы

мекемелер

бақыланатындар

барлық әріптестер

Тәуекелдер

Бөтендік, ынтымақтастықтың болмауы, қарсылық

Бірлескен жұмыстың болмауы, бір-біріне ықпалдың болмауы

Өзін асыра бағалау, консерватизм, назарды шоғырландырудың болмауы

Дереккөз: David Gosling Co-Director, Teaching Quality Enhancement Fund National Co-ordination Team, 2002
Егер бақылау жүйесінде маңызды компоненттер болса және бақылаушылар нені бақылау керектігін білсе, сыныптағы жұмысты бақылау мұғалімнің кәсіби дамуына көмектеседі (Даниэльсон, 2012).
Мектептің өзекті проблемалары мен мақсаттарына сәйкес мектеп басшысының, бақылау субъектілерінің сабақтарға қатысуы ұйымның мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Сабаққа қатысудың мақсаты – оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг). Сабаққа қатысу барысында:

  • сабақтың оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу мақсаттарына сәйкестігіне;

  • формативті бағалаудың өткізілуіне;

  • педагогтің кері байланыс жасауына;

  • білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына;

  • әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге;

  • сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға;

  • оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдер мен технологиялардың қолданылуына және т.б. назар аудару ұсынылады. («Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021. – 378 б.)

Сабақты бақылаудың негізгі кезеңдері:

    1. Сабаққа қатысуға дайындық.

    2. Сабақты тікелей бақылау.

    3. Кері байланыс жасау (мұғалімнің өзін-өзі талдауы, бақылаушының сабақты талдауы және бағалауы).

    4. Сабақты талдау нәтижелерін мектепті басқаруда қолдану.

Сабаққа кірер алдында бақылау субъектілері сабақты бақылауға дайындалуы керек. Алдын-ала сынып туралы мәліметтермен, сыныптағы психологиялық ахуалмен, сыныптың әлеуметтік жағдайымен, сынып журналымен, осы пән бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен және т.б. танысуға болады. Бұл сынып оқушыларының үлгерімі туралы түсінік береді, сабақта оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін түсінуге көмектеседі.
Мұғалімнің сабағын бақылау мақсаты айқын болуы керек. Сабақты бақылау парақтары қатысу/бақылау мақсатына байланысты жасалады. Бақылаудың басты бағыты жоспарлау, оқыту, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау болуы мүмкін. Қойылған мақсатқа байланысты бүкіл сабақты немесе сабақ бір кезеңін/кезеңдерін бақылауға болады (мектеп директоры үшін сабаққа қатысу айына кемінде 8-10 сабақ; мақсатына байланысты сабаққа қатысу 15-тен 40 минутқа дейін созылуы мүмкін).
Бақылаудан кейін мұғаліммен бірге сабақ талданады. Талдау сабақты жетілдірудің тиімді факторы болып табылады. Талқылау нақты, жүйелі болуы керек, сонымен қатар өте сенімді ортада жүруі керек. Талқылау мұғалімге бақылау кезінде алынған мәліметтерді талдауға, мінсіз және қол жетімді тәжірибе арасындағы айырмашылықты түсінуге және сабақ беру мен оқытуды жақсарту үшін мүмкін болатын өзгерістерді анықтауға көмектесуі керек.
Бақылау нәтижесі бойынша кері байланыс сындарлы және ынталандырушы болуы тиіс. Кері байланыс кезінде нақты мысалдармен дәлел келтіре отырып, мұғалім сабағының жақсы жақтарын атап өту қажет. Бақылау нәтижесінде жасалған қорытындыда мұғалімнің жеке басына қатысты пікірлер болмауы керек.
Сабақты бақылау мектеп пәндерін оқыту практикасын жақсарту, мұғалімнің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін негіз болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет