Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет13/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Мектепішілік бақылау кезеңдері

  1. Мектепішілік бақылау жоспары.

  2. Бақылаудың дайындық кезеңі.

  3. Бақылау жүргізу.

  4. Бақылау нәтижелерін талдау, қорытындылау.

  5. Түзету іс-шараларын жүргізу.

МІБ жоспарлау кезінде әртүрлі тексерулердің мүдделерінің тоғысуын да, өткен жылы, ағымдағы жылдың алдыңғы тексеруінде қиындық тудырған мәселелерді қайта қарау мүмкіндігін де ескеру қажет. Мұнда сыртқы бақылаудың нәтижелерін де ескерген жөн.


Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 17-қосымшасына сәйкес жасалады. Мектепішілік бақылау МЖМБС-ның, үлгілік оқу жоспарларының, үлгілік оқу бағдарламаларының, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың, білім алушылардың жеке істерінің және т.б. орындалуын тексеруді қамтиды (2-кесте).

2-кесте. Мектепішілік бақылау жоспары
________ оқу жылы

Бақылау тақырыбы

Бақылау мақсаты

Бақылау объектісі

Бақылау
субъектілері

Бақылау
түрі

Бақылау
формасы

Бақылау
әдістері

Жауаптылар

Орындау мерзімі

Қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау































Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау































Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау































Базалық және қосымша білім беруді қамтамасыз етуді бақылау































Мектептегі тәрбие жұмысының жағдайын бақылау.































Оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау































Кестені толтыру кезінде келесі шартты белгілерді қолдануға болады:


Бақылау түрі - Т - тақырыптық, Ф - фронталды
Бақылау формасы: СЖ-сыныптық-жалпылаушы, Д-дербес, ПЖ-пәндік-жалпылаушы, ТЖ-тақырыптық-жалпылаушы, Ш – шолу, КЖ-кешенді-жалпылаушы
Бақылау әдісі: Б - байқау, Ә - әңгімелесу, ҚЖ - құжаттаманы зерттеу, АС - ауызша сұрау, БЖ – бақылау жұмысы, Т - тестілеу, БК – бақылау кесіндісі, АС – ашық сауалнама, ЖС - жабық сауалнама, ЖТ – жедел талдау, РТ - ретроспективті талдау, ХМ - хронометрлеу.
Мектепішілік бақылауды жүзеге асырудың құрылымы
Кез келген бақылау белгілі бір дәйектілікпен жүзеге асырылады, олар:

  1. Бақылауды негіздеу.

  2. Бақылау мақсатын тұжырымдау.

  3. Бақылаудың алгоритмін, құрылымдық схемасын әзірлеу.

  4. Әзірленген схема бойынша бақылау объектісінің жай-күйі туралы ақпаратты жинау және өңдеу.

  5. Бақылау нәтижесі бойынша негізгі қорытынды жасау:

  • кемшіліктердің (жетістіктердің) негізгі себептері ашылады;

  • ұсыныстар анықталады (әдістемелік; қызметтік міндеттерді орындау бойынша және т.б.);

  • басқарушылық шешімдер қабылданады (кадрларды ауыстыру, озық тәжірибені тарату және т.б.);

  • келесі бақылаудың уақыты (қажет болған жағдайда) анықталады.

  1. Бақылау нәтижесін тиісті деңгейде талқылау (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, кіші педагогикалық кеңес, кафедра отырысы, оқушылар, ата-аналар жиналысы және т.б.).



Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері
Мектепішілік бақылаудың мақсаттары:
а) мектептегі педагогикалық процестің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу;
ә) оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын ескере отырып, білім беру процесін одан әрі жетілдіру.
МІБ негізгі міндеттері:

  • білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзу және орындамау жағдайларын анықтау және олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;

  • педагог қызметкерлер қызметінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау;

  • білім беру процесін ұйымдастырудағы жағымсыз және оң үрдістерді анықтау және оларды жою мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • мектептегі бұйрықтар мен өкімдерді іске асыру нәтижелерін талдау;

  • педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.



Мектепішілік бақылаудың функциялары:
Диагностикалық функция: бақылау белгілі бір критерий бойынша педагогикалық процесті диагностикалайды, оның барлық қатысушылары жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін ашады.
Ақпараттық функция: бақылау - жоспарланған нәтижелермен байланысқан кездегі қызмет нәтижелерін талдау, әкімшіліктің, педагогикалық және оқушылар топтарының жұмысын түзету, таңдалған стратегияға сәйкес іс-әрекеттің одан әрі тактикасын анықтау үшін қажетті ақпарат көзі.
Ынталандыру (мотивациялық) функция: бақылау оқушыларды оқу нәтижелерін жақсартуға, мұғалімдерді оқу процесін жүзеге асырудың формалары мен әдістерін жетілдіруге ынталандырады; бақылау мұғалімдер мен оқушылардың оқуда жақсы көрсеткіштерге жетуге деген жалпы ұмтылысын ынталандырады.
Коммуникативтік функция: бақылау өзара қарым-қатынастағы коммуникативтік буындардың бірі болып табылады (оқушылар мен мұғалімдер; мұғалімдер мен мектеп директоры; оқушылар, мұғалімдер мен басшылар), жүйеленген бақылау педагогикалық процестің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуінің үздіксіз процесін қамтамасыз етеді.
Интеграциялық функция:бақылау жалпы мақсатқа жету үшін жұмыс кемшіліктерін жою кезінде педагогикалық процестің барлық қатысушыларының күш-жігерін біріктіреді.





Мектепішілік бақылау:
Мазмұны бойынша бұл педагогтің өз міндетін орындау барысы мен нәтижелері туралы кері байланыс алу (оқушылардың оқу-танымдық әрекеті және педагогтардың оқу-тәрбие жұмысы және т.б.);
формасы бойынша бұл объектінің (білім беру процесінің, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің және т.б.) жай-күйін тексеруге бағытталған дербес басқарушылық функция;
мақсаты бойынша - алынған ақпаратты талдау негізінде басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып табылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет